Читать книгу Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім (Нарша Булгакбаев) онлайн бесплатно на Bookz (9-ая страница книги)
bannerbanner
Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім
Бақытты болуды үйреніңіз! 2 БөлімПолная версия
Оценить:
Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім

4

Полная версия:

Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім

Егер сіз салмақ жоғалтқыңыз келсе, онда нақты салмақты көрсетіңіз. «Мен 60 келіге дейін салмақ тастағым келеді… (мерзімін көрсетіңіз)». Егер сіз жақсы ата-ана болғыңыз келсе, «Мен жақсы ана/әке болуды шешемін» деп айтпаңыз. Бұл қалаған нəтиженің нақты бейнесін елестетуге көмектеспейді. Айтыңыз: «Мен күн сайын балама сенімді болуға көмектесу үшін он минутты бөлуді шешемін», «Мен күн сайын он минутты балама ата-ана махаббаты мен қолдауын сезінуге көмектесуді шешемін» немесе «Мен баламды əділ, берік жəне табанды түрде тəрбиелеуді шешемін».

«Мен футболды жақсы ойнаймын» деген растау да көмектеспейді. Әр футболшы алаңға шығардың алдында дәл осылай айтады, бірақ бәрі бірдей жақсы ойнап шықпайды, бір команда жеңілуі де мүмкін. Өз техникаңыздың қандай құрамдас бөліктерін жақсартқыңыз келетінін нақты көрсетіңіз – допты бақылауды ұстау, пасты дұрыстап беру, соққыны дәл воротоға қарай бағыттау, тез шаршамау, жылдамдықты көбейту. Белгілі бір тапсырманы орындау үшін қажетті барлық қасиеттер мен дағдыларды бөлек талдаңыз. Əр техниканы немесе қадамды компоненттерге бөліңіз. Бұл туристік агенттікке билет алу үшін келумен бірдей. Сіз қайда бара жатқаныңызды нақты білуіңіз керек. Дəл тұжырымдау өте маңызды. Нақты және анық адам болыңыз.

4. РАСТАУ ЭМОЦИОНАЛДЫ РЕАКЦИЯ ТУДЫРУЫ КЕРЕК

Сезім мен эмоцияны сезінетін сөздерді қолданыңыз, өйткені бейсана эмоционалды тəжірибеге дəл жауап береді. Ең нəтижелі сезімдердің бірі – қуанышты толқу. Растау мүмкіндігінше ынта-жігермен, талпыныспен болуы керек. Кейбір адамдарда белгілі бір сөздер күшті эмоциялар тудырады, ал басқаларын мүлдем бей-жай қалдырады. Əркім өзіне сəйкес растаманы табуы керек. Сізге қуаныш, ынта, талпыныс тудыратын сөздерден растау жасаңыз. Әсерлі эмоцияларды бастан кешіретін кез-келген сөздер немесе тіркестер бейсанаға үлкен əсер етеді. Əдетте, тəжірибе неғұрлым көп болса, соғұрлым тезірек өзгерістер болады. Позитивті растамада ынталандыру, мотивация болуы керек. Неліктен? Себебі «жансыз» растау іш пыстыратын, жалықтыратын сияқты: сіз оған назар аудармайсыз жəне ол қалаған нəтиже бермейді.

Өнім немесе қызмет жарнамасын жасайтын маркетологтың негізгі міндеттерінің бірі – қалайда сатып алушылардың назарын аудару. Ойланып қарасақ, растама – бұл да өз кезегінде жарнама арқылы бейсанада эмоция тудыру. Сіздің мақсатыңыз – шынымен қалаған нəтижеге өзіңізді сендіру. Басқаша айтқанда, сіз «сатып алуыңыз» керек жəне оның құнын төлеуіңіз керек – сіз шындыққа айналдырғыңыз келетін нəрсені растауыңыз керек. Бұған растама ықпал етеді, онда қолданылатын сөздер мен тіркестер сізді «ойландыруы» керек. Сын есімдерді мұқият таңдап алыңыз, өзіңізді күшті ынта-жігермен толтыру үшін тартылысты қолданыңыз. Содан кейін адам, магнит сияқты өзіне қажетті нəтижені тартады. Өз-өзіне деген сенімділікті сақтай отырып, мақсатыңызға батыл жетуге көмектеседі. Жалпы алғанда, растау соншалықты жігерлендірілуі керек жəне сіз оны қайта-қайта қайталағыңыз келетіндей етіп ұнатып қалауыңыз керек. Мысалы: «Мен өз өмірімді оңай жəне қуанышпен басқарамын». Растамада «оңай» сөзін қолдану арқасында бəрі əлдеқайда жеңілдейді. Сіздің ойыңызға тапсырма қиын болып көрінген кезде, сіздің бейсанаңыз оны орындауға қарсы бола бастайды. Бірақ егер сіз өзіңізге бәрі «оңай» деп шешсеңіз, бұл сізге артық күш пен уақыт жұмсамауға, проблемаға жеңіл қарауға көмектеседі, содан кейін сіз қалаған нəтижеге əлдеқайда ертерек қол жеткізесіз. «Оңай» деген сөзді кез-келген іс-əрекетке қолдануға болады. Мен өзім оны өз растамаларымда, «Жаман Аурумен» күресуде қолданамын, бұл менің жағдайымның нəтижесіне жағымды əсер етеді. Соңғы нəтижеге жету жолы əлдеқайда қысқа жəне қарапайым болады. Тағы бір пайдалы әрі зиянды сөз – «лəззат». Мысалы: «Мен күнделікті спортпен шұғылдануды таңдаймын, себебі ол маған ләззат сыйлайды». Немесе: «Мен құмар ойынына тәуелді емеспін, мен одан жай ғана ләззат аламын»

«Мен өз бизнесім үшін жаңа идеялар ойлап табудан лəззат аламын». Біз қуанғанды жəне лəззат алғанды жақсы көреміз. Біз əрқашан жағымды сезімдер əкелетін нəрсені жиі жəне жиі жасағымыз келеді. Келесі әдетте жарнамада қолданатын сөздер сіздің растауыңызды тартымды етеді: «ыңғайлы», " сенімді», «қауіпсіз», " жылдам», «тегіс», «жағымды» жəне т.б. сезімдерді тудыратын осы немесе басқа сөздерді қолдана отырып, сіз өз мақсаттарыңызды, өзіңіз қалаған нəрсені жүзеге асырудың жаңа тəсілдерін сөзсіз тартасыз. Есіңізде болсын, сіз өзіңіздің өмір атты фильміңіздің сценарийін өзіңіз жазып жатырсыз, оған режиссер болып растамалар қолданып жатырсыз, оператор болып бейнелеп жатырсыз, сосын продюссермен бірге тамашалап эмоция алып жатырсыз, сондықтан оны өзіңіз қалағандай жасаңыз.

5. РАСТАМА ЕҢ ҮЗДІК НӘТЕЖИЕГЕ БАҒЫТТАЛУЫ КЕРЕК

Растауды сіз елестете алатын бизнестің ең қолайлы нəтижесін сипаттауға тырысыңыз. Сіз жаңа пəтер алғыңыз келеді делік. Егер сіз жай ғана «жаңа» сөзін қолдансаңыз, ол кішкентай, лас, шулы нашар пәтер болады. Растау жұмыс істеді, өйткені бұл пəтер сіз үшін əлі де «жаңа» болды, бірақ мұндай жағдайда өмір сүру өте ыңғайлы емес… Мұндай растама əлдеқайда жақсы əсер етуі мүмкін: «Мен күн шуақты, кең, тыныш, жақсы күтілген пəтерде тұруды қалаймын, шешім қабылдадым». Бұл растама əлдеқайда жағымды нəтиже береді.

6. РАСТАУ ОҢ, ЖАҒЫМДЫ, ПОЗИТИВТІ БОЛУЫ КЕРЕК

Біз үшін ақпаратты қабылдау кезінде бейсана теріс, жағымсыз, негативті растамалардан аулақ болып, мəн бермеуі керек. Бейсанаға қандай да бір ақпарат беру немесе оған қандай да бір растамалар бекіту кезінде, сіздің мүмкіндігінше ойларыңыз (сөздеріңіз) жағымды, оң, позитивті болуы керек. Мұндай сөздерді қолданбаңыз: «жоқ», «мүмкін емес»,» ешқашан» жəне т. б. Теріс растаманың мысалы: «Мен енді бас ауруын сезінбеймін». Оны жағымды етіп ауыстырған дұрыс: «Мен тыныштық пен жақсарып келе жатқанымды сезінемін». Көбінесе біз теріс нəрсеге назар аударамыз, оның салдарын өзіміз түсінбейміз. Сондықтан сіз өзіңіздің растауыңызды бекіткен кезде, жоғарыда айтылған сөздердің жоқтығын тексеріңіз. Қажетті нəтижеге сəтті қол жеткізу осыған байланысты.

7. РАСТАУ ЖЕКЕ БАСҚА ҚАТЫСТЫ БОЛУЫ КЕРЕК

Позитивті растама бірінші адамның ішінде расталуы керек. Біз тек өзіміз үшін ғана шешім қабылдай аламыз жəне басқа ешкім үшін шешім қабылдай алмаймыз. Басқа адамдардың өзгеруіне үміттеніп немесе біздің қалауымызға жақпайтын адамдарды өзгертуге тырысып, қажетті нəтижеге жету мүмкін емес. Сіз өзіңіздің бағынышты пірлеріңіз (табынушыларыңыз: фанат, кумир, гик) үшін ештеңе шеше алмайсыз, бірақ растау арқылы өзіңізді өзгерте аласыз, соның арқасында сіздің де табынушыларыңыз пайда болады.

Егер сіз өз достарыңызбен, отбасыңызбен немесе қызметкерлеріңізбен ортақ мақсатта жұмыс жасасаңыз, «біз» деген сөзден Растаманы бастауға болады. Бұл жағдайда ұжымдық нəтиже үшін де, жеке үлесіңіз үшін де растама жасалады. Табыс пен сәттілік үшін екеуі де бірдей маңызды. Бірақ сіз басқа адам үшін ештеңе талап ете алмайтыныңызды ұмытпауыңыз керек. Сіздің қолыңыздағы барлық нəрсе – сіздің мінез-құлқыңызды өзгерту жəне сол арқылы достар, серіктестер, отбасы, клиенттер жəне басқа адамдар тарапынан жағымды реакцияны ынталандыру. Сіз кез-келген өзгеріс іште өтуі керек екенін жақсы білесіз деп үміттенемін. Адам өмірі – бұл ең алдымен оның ішкі тəжірибесі. Жалпы растау бұл эгоцентристік (эгоизмнің жоғарғы дәрежесі) болып көрінуі мүмкін, бірақ біз өзімізге ие емес нəрсені басқаларға бере алмаймыз. Мысалы ақшаңыз жоқ болса сіз қаржылай көмек көрсете алмайсыз, елдің батасы мен мақтау сөздерін ести алмайсыз.

Сіз басқаны өзгерте алмайсыз, бірақ сіз басқаға деген көзқарасты ғана өзгерте аласыз. Өзгерістен шабыттанып, сіз де өзіңізді жақсы жаққа өзгерту туралы шешім қабылдаған боларсыз, бірақ менің өзгерістерім менде, сіздікі өзіңізде басталуы керек. Көбінесе, растаудың көмегімен адамдар өзгелердің мінез-құлқын өзгертуге тырысады, өйткені олар оған əсер ету құқығын бар деп ойлайды. Мысалы біз, біреудің бізге басқаша қарағанын қалаймыз: «Мен… мені жақсы көретінін білемін». «Мен клиенттерімнің мені өз ісінің ең жақсы маманы деп санайтынын білемін». «Мен… мені түсінеді деп ойлаймын». Кейде біз басқа адамға қандай да бір қиындықтар (қарғыс) тілейміз: «Мен… менімен қалай қарым-қатынас жасағаны үшін мен оны жазалаймын», «Оның өмірде жолы болмай қалсын». Кейде, керісінше, адамға жақсы нəрсе болғанын қалаймыз: «Мен… тезірек сауығып кетуін тілеймін». Соңғы растама өте жағымды жəне прагматикалық болып естіледі. Əрине, басқа адамға жақсылық тілеудің еш жаман жері жоқ, бірақ мұндай растау да мінсіз емес.

Жалпы біз басқа адамның өміріне араласпауымыз керек. Себебі ол сізден басқа сенімге бағынады. Оның сеніміне келісесіз бе, жоқ па, ойлануға тұрарлық. Шын мəнінде, біз басқа, бізбен бірге тұрмайтын адамның қалай өмір сүретінін білмейміз, бірақ оның өсу мен даму жолына әлеуметтік желі арқылы баға береміз, сондықтан ол күшті ж/е керемет адам болып көрінсе де, оның есебінен ешқандай нақты растама жасай алмаймыз. Сонымен қатар бұл, растаудың мəніне қарсы келеді ‐ өйткені олар бізге өзіміз қалаған нəрсеге қол жеткізуге түк қатысы жоқ. Егер біз басқа адамға жақсы дұға тілегіміз келсе, ол үшін не жақсы, қайырлы, берекелі екенін білмейміз. Растаудың соңында келесі сөйлемді қосу жеткілікті: «…егер бұл (саған) арты жақсы болса, онда … (адамның атын көрсетіңіз)». Осыған сəйкес, тезірек қалпына келуі керек науқас үшін жоғарыда аталған Растаманы келесідей қайта құруға болады: «Мен… жақсарғанын қалаймын, егер оған бұның арты қайырлы, берекелі болса бұл оның жақсы пайдасына болса». Осылайша, сіз осы немесе басқа адам үшін не жақсы екенін шешуге құқығыңыз жоқ екенін көрсетесіз, бірақ сонымен бірге оған ең жақсысын тілейтіндігіңізді көрсетесіз. Біз басқа адамдар үшін, олардың өмірінің табиғи бағытына араласпай, оң, жағымды, позитивті растама – дұға-тілек жасауға мүмкіндігіміз бар. Мысалы, жоғарыда келтірілген растамалардың біріншісін келесідей өзгертуге болады: «Мен… мені жақсы көретінін сеземін». Бұл жағдайда сіз оның мінез-құлқына реакция жасайсыз. Бұл сіздің бақылауыңызға сəйкес келеді. Бұл растамалардан сіз өзіңізді бақытты сезіну үшін басқа біреуден өзгерісті күтуіңіз керек емес, себебі сіз ортаға тәуелді емессіз.

Тағы бір мысал: «Мен бастықтың еңбегімді бағалауын қалаймын». Мұндай растау қолайсыз, өйткені ол сіздің бастығыңыздан мінез-құлқын өзгертуді талап етеді. Ұмытпаңыз, сіз басқа адамдарды өзгерте алмайсыз. Алайда, сіз өз растамаңызды қайта жаза аласыз: «Бастық менің еңбегімді бағалайтынын сеземін». Бұл жағдайда сіз жағдайды басқара аласыз. Сонымен қатар бұл растау, бұрын-соңды байқамаған бастықтың, сізге оң көзқараспен назар аударуға мəжбүр етесіз. Нəтижесінде сіз қарым-қатынасыңыздың осы аспектісіне назар аударасыз және сол үшін барлығын жасайсыз. Біздің ойларымыз неге бағытталған, біз соны аламыз!

Басқа адамға жамандық тілейтін немесе қандай да бір əділетсіздік немесе реніш үшін кек іздейтін растаудың бірнеше мысалын келтірейік. «Мен… менімен жасаған əрекеті үшін жазасын беремін». Немесе: «Мені… ренжіткені үшін қарғаймын». Сіз бұдан теріс энергия аласыз, сонымен қатар, мұндай растамалар сізді ренішке назар аударуға мəжбүр етеді. Егер сіз өзіңізді ренжіткен, жамандық жасаған т.б. ұмытып кетуге немесе миыңыздағы қылмыскерді кешіруге көмектесетіндей етіп растамаларыңызды қайта жазсаңыз жақсы болады. Мұны істеудің жалғыз жолы – шындықты қабылдауды өзгерту. Мұндай растау əлдеқайда пайдалы жəне тиімді болар еді: «Мен бұдан былай өкпе-реніш ж/е басқада жағымсыз сезімдерді қабылдамаймын». Немесе: «Мен бұл өкпе-реніштің, əділетсіздіктің салдарынан арылуды шешемін». Осындай шешім қабылдай отырып, сіз өзіңізді кек алу ниетінен босатасыз. Егер сіз бұл туралы ойласаңыз, онда кешірудің шынайы себебі – ауыр уайымнан құтылу, жан тыныштығы мен өмір үйлесімін қалпына келтіру. Мидағы құқық бұзушыларды кешіру туралы ақылмен шешім қабылдаған кезде, жан тыныштығы автоматты түрде қалпына келеді. Сонымен қатар, сіз кек алу ниетінен арыласыз жəне басқа адамның өміріне теріс назар аударуды тоқтатасыз. Біз үшін өткен қаншалықты ауыр болса да өзгерте алмаймыз, бірақ оны қалай емдеу керектігін əрдайым шеше аламыз жəне сол арқылы рухани жараларымызды сауықтыра аламыз. Алла бізге жəрдемші болсын!

8. РАСТАУДА САЛЫСТЫРУЛАР БОЛМАУЫ КЕРЕК

Есіңізде болсын, растау сізге жеке қатысты болуы керек. Сондай-ақ, сіз бəсекелесетін ешкім жоқ екенін түсінуіңіз керек. Біз бұл əлемге бір-бірімізбен бəсекелеспей, жалпыға ортақ игілік үшін, жасампаздық үшін келеміз. Бəсекелестік – бұл өзін-өзі дəлелдеуге, өзін-өзі бағалауды арттыруға тырысу. Сіздің жалғыз бəсекелесіңізсіз өзіңіз ғана бола аласыз. Сіздің басты мақсатыңыз өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу болуы керек. Өзіңізді, өзіңізден жоғары деп санайтын адаммен салыстыруға тырысқанда, сіз əрқашан өзіңізді нашар сезінесіз, бұндай жағдайды әсіресе әлеуметтік желілерде байқауға болады. Өзіңізді, өзіңізден төмен деп санайтындармен салыстыра отырып, сіз жалған артықшылық сезімін сезінесіз жəне ерте ме, кеш пе «олар менен озып кетіп жүрмесін» деп өмір сүресіз. Ешқашан сіз басқа біреуге «артық» немесе «кем» деп айтпаңыз. Сіз «Мен біздің компаниямыздағы ең жақсы маркетологпын» деп айта аласыз, бірақ бұл ештеңе білдірмейді, өйткені əріптестерім менен де жоғары кəсібилікпен ерекшеленуі мүмкін. Əрқашан белгілі бір қызмет саласында сізден артық немесе кем адам болады. Қалай болғанда да, салыстыру мағынасыз. Сіз жетістіктеріңізді қадағалауыңыз керек. «Мен олардан үйрене аламын». Бұл салыстыру емес. Сіздің өз сапаңызға дұрыс баға беріңіз жəне бұл пайдалы болуы мүмкін. Өз-өзіңізді бақылаңыз, растаманы дұрыс таңдаңыз, уақытыңызды жеткілікті ұйымдастырыңыз ж/е осының бәрі сізге ұнаса, бейсананы бағдарламалауды дұрыс жасайсыз. Қолданыстағы сəтті растау əдістерін ақылмен игеріңіз. Бірақ мен тағы қайталайын: біз өзімізді бір-бірімізбен салыстырмауымыз керек. Біз ұмтылуға тиіс құндылықтар – бұл жасампаздық пен шығармашылық жəне өзін-өзі жетілдіру.

9. РАСТАМА ШЫНАЙЫ БОЛУЫ КЕРЕК

Өзіңіз үшін əлі күнге дейін бейсана деңгейінде қабылдауға қабілетсізбін деп айту, бұл өзіңізді сəтсіздікке ұшырату. Бұның себебі растама шынайы емес өтірік не жалған. Бұл жағдайда сіз өзіңіздің қабілеттеріңіз туралы, өз ойларыңыз тұрғысынан, тым жоғары талаптар қоясыз. Алдымен сіз нəтижені бірінші мида жəне қазіргі уақытта елестетуіңіз керек. Егер сіз өзіңіздің қиялыңызда өзіңіз қалаған өмір салтын қалай жүргізетініңізді, қалаған бейнеңізді немесе қажетті пайданы көре алмасаңыз, онда сіз ешқашан мақсатыңызға жете алмайсыз. Растауды сипаттаған жағдайда сіз өзіңізді нақты көрсетуіңіз керек. Түпкілікті нəтиженің психикалық бейнесіне деген қарсылық, теріс эмоциялар табысқа, сәттілікке кедергі келтіреді. Ең бастысы – теңгерімді (баланс) сақтау. Бекітілген мақсат тым қарапайым болмауы керек, əйтпесе оған жету үшін жеткілікті күшті ынталандыру болмайды. Бірақ сонымен бірге, сіз қиял деңгейінде елестете алмайтын немесе қабылдай алмайтын нəтижеге жету үшін мақсат қоймаңыз, өйткені сіз қорқып, тіпті алғашқы қадам жасай алмайсыз. Біз қазірдің өзінде мақсатты кішігірім міндеттерге бөлген дұрыс деп айттық, нəтижесінде ол сəттіліктің жалпы көрінісіне айналады. Мұнда сенімділік факторы маңызды рөл атқарады. Растау сенімді болуы керек. Басқаша айтқанда, эмоционалдық толқу үшін үлкен, бірақ шынайы болу үшін қарапайым болуы керек. Растамалар шындықпен үйлестікте болу керек. Өзіңіздің растауыңызды дауыстап айта отырып, өзіңізден сұраңыз: «Осы растамаға қатысты менің тəжірибемді он баллдық шкала бойынша қанша бағалауға болады?» Егер нəтиже жетіден аспаса, сіз теріс «қөзқарастарды» қайта қарап, оларды бейсанадан жою үшін шаралар қабылдауыңыз керек. Онсыз оған жаңа сенімді бекіту мүмкін болмайды. Содан кейін оған барлық он ұпай беру үшін растауды қайта жазыңыз.

10. РАСТАУ АРҚЫЛЫ СІЗ ӨМІРДІҢ БАРЛЫҚ САЛАЛАРЫН ТЕҢДЕСТІРУІҢІЗ КЕРЕК

Растаудың тиімділігіне күмəнданбаңыз. Оларды дұрыс қолданған кезде, сіз мақсатыңызға қарай тартыласыз. Мақсаттар сіз үшін жағымды болуы өте маңызды. Негізгі фактор – ішкі тепе-теңдік. Егер растау тек бизнеске немесе мансапқа қатысты болса, өмірдің басқа аспектілері зардап шегуі мүмкін, мысалы, сіздің отбасыңызбен немесе жақын адамыңызбен қарым-қатынасыңыз. Қызметтің барлық саласында өсу жəне даму үшін оң растамаларды таңдаңыз. Егер олар бір-біріне қайшы келмесе, бір уақытта бірнеше Растаманы айтуға болады. Ішкі тепе-теңдікті сақтау үшін өміріңіздің қандай-да бір аспектісін елемейтіндігіңізді, олардың кез-келгеніне тым көп мəн беретіндігіңізді немесе керісінше, тым аз көңіл бөлетіндігіңізді тексеріңіз. Жеке қызмет саласында табысқа жету үшін ғана емес, тұтас жəне теңдестірілген тұлға болуға тырысыңыз. Өмірде ішкі тепе-теңдік болған кезде бәрі орындалады. Егер сіз бір нəрсені сатып алып қалғанының бəрін жоғалтсаңыз, дұрыс емес, сіз шығынға ұшырайсыз. Сіз бəрін бірден сатып ала аласыз, бірақ олардың арасындағы үйлесімділікті сақтай отырып, өміріңіздің барлық аспектілерін растау арқылы жұмыс істетуге тырысыңыз.

11. РАСТАУЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙ ОТЫРЫП, ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ПРИНЦИПІН САҚТАУ КЕРЕК

Бұл принциптің мəні – сіздің барлық мақсаттарыңызды өзіңізде ұстау керек. Егер сіз оларды басқа адамдармен бөліссеңіз, олар сізді басқаша көндіруге, тоқтатуға тырысады. Біз əдетте, біреудің жеке өсуіне жол бермейміз, өйткені басқалардың белсенділігі біздің енжарлығымызды ғана көрсетеді. Біреуге өзіңіздің мақсаттарыңыз бен растамаларыңыз туралы айту арқылы, сіз оларға қарсы əрекет етуге мүмкіндік бересіз. Олар сізді мұның бəрі нонсенс (мағынасы жоқ) екеніне сендіреді жəне сіз жетістікке жете алмайсыз. Біз басқаларды өзімізге қарағанда ақылды деп санаймыз, өзін-өзі бағалаудың жеткіліксіздігіне байланысты, əдетте біз оларға, өзімізге қарағанда көбірек сенеміз. Есіңізде болсын, сіз қанша рет не істегіңіз келетінінен бас тарттыңыз. Сіз өзіңіздің жүрегіңізді соңғы рет қашан тыңдаңыз? Біз пайдалы өзгерістерге неге қарсы боламыз?

Мақсаттарыңыз бен растамаларыңыз туралы, тек олар туралы білуі керек немесе оларды тезірек жүзеге асыруға көмектесетін адамдарға ғана айтыңыз. Біз бірінші кезекте жеке мақсаттар туралы айтып отырмыз. Егер біз топтық туралы айтатын болсақ, онда оның мүшелері ортақ мақсаттар қоюмен бірге айналысуы керек. Біздің көпшілігімізге мақсат қоюға жəне олар туралы айналасындағыларға айтуға үйретілді, содан кейін артқа бұрылу ұят болды. Менің ойымша, мұндай тəсіл тиімсіз, өйткені бұл жағдайда мақсат міндеттемеге, жүктемеге, қысымға айналады. Стрессті, шиеленісті, алаңдаушылықты, уайым мен қорқынышты тудырады. Егер сіз өзіңіздің мақсаттарыңыз бен растамаларыңызды құпия ұстасаңыз, айналаңыздағы адамдар сізді керісінше көндіруге немесе тоқтатуға мүмкіндігі аз болады. Əрине, олар сізге «кеңестерді» тек «сіздің пайдаңыз үшін» береміз деп сендіреді. Сенбеңіз! Басқалардың кеңестері олардың өмір туралы ой-пікірлеріне негізделген, бірақ олар сіздікі емес. Өз мақсатыңызға жеткеннен кейін, орындалғаннан кейін бірақ айтыңыз, солай сізге ешкім дым дей алмайды, себебі сіз дәлелдедіңіз. «Міне, мен… жасайын деп жатырмын» дегеннің орнына «Міне, мен… жасадым» деп айтыңыз. Бұл сізге Растауды таңдауда толық еркіндікті қамтамасыз етеді жəне келесі мақсаттарыңызға жетуге толық көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

ДҰРЫС ЕМЕС РАСТАУДАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?

Бұрын біз басқалар үшін бір шынайы ой-пікір (сөз) айту мүмкін емес екендігі туралы əңгімелестік, өйткені біз олар үшін не жақсы екенін біле алмаймыз. Жалпы алғанда, біздің жеке растау туралы да солай айтуға болады. Кейде біз өзіміз үшін ең жақсы нəрсені білеміз деп ойлаймыз жəне өзімізді дұрыс сезінеміз. Кейде біз өзімізге жақсылықтан гөрі көп зияндық келтіреміз. Растаудың зор күші бар екенін ұмытпаңыз жəне ол сіздің өміріңізге үнемі ойлайтын, әсерлі эмоциялар тудыратын нəрсені ғана тартады. Егер сіз үнемі қайталайтын растау сіздің жақсы, оң, жағымды, позитивті сөздерге сəйкес келмесе ше? Онда бейсанаға бекітілген нəтиже керісінше болады. Сондықтан дұрыс емес растаудан сақтану керек. Əрбір растау үшін Мен келесі сөйлемді қосамын: «Мен өмірдегі ең жақсы нəрсені қабылдаймын. Қайырлы және берекелі болғанын қалаймын. Өмірде ешнарсеге өкінбеймін. Мен бақытты болуға шешім қабылдадым». Бұл маған көмектеседі. Осылайша, растау зиян тигізбейді жəне қосымша мүмкіндіктер береді.

РАСТАУ МЫСАЛДАРЫ

Мен сізге пайдалы болуы мүмкін бірнеше Растамаларды ұсынғым келеді. Олар жалпы сипатқа ие жəне жоғарыда айтылғандардың бəрін жақсы түсінуге көмектеседі.

«Мен бəрін кешіруге шешім қабылдадым».

«Мен өз өмірім үшін толығымен жауап беруді жəне кінəні басқаларға ешқашан ауыстырмауға уәде беремін».

«Мен нəпсімді, жанымды, тəнімді жақсы көруді жəне оған құрметпен қарауды ұнатамын».

«Мен „Шексіз Күш-Қуатқа“ сенемін, ол менің барлық жағдайымды жасайтынына және дұға-тілектерімді қабыл ететініне сенемін».

«Мен қателіктер жасамауға шешім қабылдаймын».

«Мен қанша қателік жасасам да, өзімді сөзсіз сүюді, кешіруді таңдадым. Дегенмен жасамауға нақты сенімдімін».

«Мен өзімнің не істегеніме емес, не істейтініме сенуді шешім қабылдадым».

«Мен өзімнің қолымнан не келетінін табатыныма сенемін».

«Мен өз өмірім үшін толық жауапкершілікті сезінемін».

«Менің əр клиентім, менің өнімімнің немесе қызметімнің əлеуетті (потенциалды) тұтынушысы екеніне сенемін».

«Мен өзіммен жəне компанияның имиджімен мақтан тұтамын».

«Мен өз клиенттерімнен олардың ең жақсы қасиеттерін табуды білемін».

«Мен өз клиенттерімнің қажеттіліктерін оңай жəне тез анықтаймын».

«Мен өз мамандығымда білікті болуға шешім қабылдадым».

«Мен өмірден, жұмыстан жəне басқалармен қарым-қатынастан лəззат аламын».

«Мен оң нəтиже күтемін жəне кедергілерді жою үшін күн сайын жұмыс жасаймын».

«Мен шегіну, жеңілу мен жеңіс арасындағы айырмашылықты түсіндім».

«Мен өз ойларымды еркін жеткізе аламын жəне айналамдағы адамдар мені, қалай бармын солай қабылдайтынына сенімдімін».

«Мен өзіме шығармашылық идеяларды тартуды шешемін. Олардың өздері менің қолыма түседі».

«Мен əрқашан толық өмір сүруді жəне оны ынта-жігеріммен дəлелдеуге шешім қабылдадым».

«Мен өзіме сенімді болу оңай болатындай шешімдер қабылдаймын».

«Мен өзімнің Жоғары „Мен“ (Жаратушы) хабарламаларына көбірек құлақ асуды таңдаймын».

«Мен өзіме сенуді таңдаймын жəне əрқашан не айту керектігін жəне не істеу керектігін нақты білемін».

«Мен толыққанды өмір сүрудің жаңа, жағымды мүмкіндіктерін табуды таңдаймын».

«Мен өз сезімдеріме жауап бере аламын». «Мен өз өмірімді өзім жасаймын деп сенемін».

«Мен ертеңге жоспарлауды шешемін, бірақ бүгінмен, қазіргі сәтпен өмір сүремін».

«Мен өткен мəселелерді шешіп, сол арқылы ауыр жүкті алып тастауды таңдаймын».

«Мен батыл болу арқылы өзім боламын».

«Мен сүйіспеншілікке толы жəне қамқор болуды таңдадым».

«Мен өз өміріме саналы түрде қарауды таңдадым».

«Мен өз күшімнің қайнар көзін жақсы көремін».

«Мен бұрынғы ойлармен қоштасып, жаңаларына ашық болуды таңдаймын».

«Мен мақсатыма жетуге көмектеспейтін барлық нəрсені ұмытып кетемін».

«Мен барлық реніштерден арылуға шешім қабылдадым».

«Мен стресстік жағдайларда ұтымды шешім қабылдаймын».

«Мен болашақ оқиғаларды оңай елестетуді жəне олар болған кезде олармен қалай күресуге болатындығын білемін».

«Қиындықтар мен қателіктер мені ынталандыратынын қабылдаймын. Стресстік жағдайда мен одан да тапқыр боламын».

«Мен қызықты өмір сүруді жəне қызықты адамдарды тартуды таңдаймын».

«Мен жақындарыма олардың жеке өсуіне көмектесуге қуаныштымын».

«Мен керемет жадқа ие болуды жəне қажетті ақпаратты оңай есте сақтауды таңдаймын».

«Мен ұйымшыл болуды жəне əрқашан іс-қимыл жоспарын таңдаймын».

«Мен өмірімді жақсартуға көмектесетін əдейі тəуекелге баруға шешім қабылдадым».

«Мен осы кітапты оқу нəтижелеріне қуануды таңдаймын».

Бірақ, ең алдымен, сіз бұл растамаларды шабыттандыруыңыз керек: «Мен өзімнің растауларымды үнемі қайталап отыруға қуаныштымын». Бұл фраза сіздің растамаларыңызды жүйелі түрде зерттеуден рахат алуға шақырады. Осы жаңа əдетті қалыптастырудан бастаңыз. Растауды талқылауды аяқтамас бұрын, біз бір сұраққа жауап беруіміз керек: Жарнама тиімді ме? Əрине, тиімді! Жарнама берушілер біздің назарымызды аударуға жəне белгілі бір əрекеттерді жасатуға (жарнамаланған тауарлар мен қызметтерді сатып алуға) арналған аудио, видео клиптар жасауға миллиардтаған доллар жұмсайды. Жарнама берушілер егер олар өз хабарламаларын қайта-қайта қайталайтын болса жəне ынта мен сенімділікпен болса, олар тұтынушылардың назарын аударатындығын біледі. Олар бізге олардың өнімдері мен қызметтеріне деген қажеттілікті оятады. Егер олар біздің назарымызды аудару үшін миллиардтаған доллар жұмсауға дайын болсын, бізге растауды тегін жасаудың мағынасы бар ма? Жарнама беруші сіздің назарыңызды күніне «бірнеше минут аламын» деп үміттене алады. Сіз өзіңіздің растамаларыңызды күніне неше рет қайталай аласыз? Неліктен мақсатыңызды өзіңізге «сатпайсыз»? Бəлкім өтіп кетер. Орындалар тиісті «жарнамалық хабарламаны» растау, қайталану жиілігін жəне эмоционалды реакцияның қарқындылығын анықтаңыз.

bannerbanner