
Полная версия:
Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім
ӨЗГЕРІСТЕРДІ МƏЖБҮРЛЕУ КЕРІ НƏТИЖЕГЕ ƏКЕЛЕДІ
Біз жаңа ақыл-ой, «Мен» бейнесін (өзім туралы көзқарас) қалыптастырғаннан кейін, бейсана біздің шындықты оған сəйкестендіру үшін бірден жұмысқа кіріседі. Бейсана міндеті – психоэмоционалды тепе-теңдікті сақтау үшін, өз ойлары мен іс-əрекеттерінің сəйкестігін бақылау яғни жан мен тәннің балансын сақтау. Сондықтан, қажетті, керекті, пайдалы əрекеттерді орындау үшін біз бейсана арқылы, өзіміздің «Мен» бейнесіне, яғни өзіміз туралы көзқарасымызға түзету енгізуіміз керек. Кей адамдардың қателігі – өзі туралы қалыптасқан ой-пікірге қайшы əрекет етуге тырысуы. Əрбір осындай импульс алаңдаушылық пен өзгерістерге наразылық жағдайынан басқа ештеңемен аяқталмайды. Өзіңіздің «Мен» бейнесі, қиял мен ақыл, біздің əрекеттерімізді басқарады жəне біз өзімізді қалай елестететінімізге сəйкес автоматты түрде əрекет етеміз. Егер біз өзімізді шекпеуге, арықтауға т.б. өмірде бір нəрсені өзгертуге тырыссақ, алдымен өзіміздің «Мен» бейнесін өзгертпестен, біз үнемі өзімізді мəжбүрлейтін боламыз. Нəтиже біз саналы түрде қажетті өзгерісті қалағанға дейін сақталады, бірақ әдеттен арылудан «қалау сезімі» қалай əлсірейді, біз бірден ескі əдеттерге тез арада ораламыз, өйткені біз əрқашан өз ойымызға сəйкес əрекет етеміз, ал біздің ойымыз бұл жағдайда уақытша ерік-жігерге сүйенген. Өзімізді бір нəрсеге мəжбүрлей отырып, біз жүйке жүйесін стреске ұшыратамыз, өйткені біз өзімізді қалыптасып қалған «Мен» -нен өзгеше етуге тырысамыз. Біз өзімізді мəжбүрлеуді тоқтатқаннан кейін, өзіміздің «Мен» бейнесі қайтадан біздің əрекеттерімізді басқара бастайды. Растау мен Бейнелеуді қолдану арқылы адамды өзгертуге болады, содан кейін адамға өзгерісті мəжбүрлеудің қажеті жоқ. Мен сіздің назарыңызды тағы бір маңызды сəтке аударғым келеді: өзіңізді жаңа адам ретінде елестете отырып, бұрынғыдай əрекет етуді жалғастырыңыз. Өзіңізді басқаша болуға мəжбүрлемеңіз, өзіңіз туралы жаңа ой-пікірге сəйкес өзгеруге тырыспаңыз. Жай ғана демалыңыз жəне өзіңіз болуға рұқсат етіңіз, сонда сіз өзіңізді танисыз.
Есіңізде болсын, алдымен бейсанада қажетті өзгерістер болуы керек. Мінез-құлық немесе жетістіктер мен кемшіліктер туралы ойға батудың керегі жоқ. Ақыл-ой бейнесін өзгерту арқылы сіз мінез-құлықты автоматты түрде өзгертесіз. Күнделікті өмірде бəрін бұрынғыдай жасаңыз. Растау мен Бейнелеудің арқасында сіз біртіндеп, біртіндеп өзгересіз жəне көп ұзамай сіз өзіңіз қалағандай боласыз. Сонымен, есіңізде болсын: мінез-құлқыңызды өзгертуге тырыспаңыз. Алдымен өзіңіз туралы ой-пікірді (көзқарасты) өзгертіңіз. Ең үлкен қателік – адамның өз ақылынан озып кетуі. Адамның сөзі ісінен ешқашан озып кетпеуі керек, әйтпесе сіз өтірікші боласыз.
Кейбір адамдарда бейнелі ойлау жеткіліксіз дамыған. Ақпаратты есту арқылы жақсы қабылдайтындар немесе сезімдерге (эмоционалды) сүйенетіндер бар жəне олар нақты ақыл-ой бейнесін көру қиынға соғады. Бұл адамдар, əдетте, өз тəжірибелерін сезімталдықпен, эмоциямен күшейтеді. Кейде сəтті бейнелеу шамадан тыс шиеленістерге жол бермейді. 9-тарауда сіз ақыл-ой мен әрекеттің шиеленісін жеңілдетуге көмектесетін бірнеше релаксация əдістерімен танысасыз. Бұл бейсананы позитивті растау мен бейнелеуге сезімтал етеді.
Сіз аулақ болатын немесе қандай да бір қиындықтарға тап болатын жағдайлар туралы ойланыңыз. Содан кейін сіз осы жағдайларда өзіңіз үшін ең дұрыс деп санайтындай етіп əрекет еттіңіз деп ойлаңыз. Қиялдаңыз, дағдыларыңыз, қабілеттеріңіз, іскерлігіңіз бен қасиеттеріңіз туралы, арманыңызға жететініңіз туралы. «Қиялдай беріп қияли болып кетесің» деу бұл «Құлдық Сана». Олай айтатын адамдар ең көп қиялдайтын адамдар. Өз істеп жатқан әрекетсіз әрекетіңізге сенімді болыңыз. Көп ұзамай сіз осы идеалды «ақыл-ой бейнесіне» сəйкес əрекет ете бастайсыз. Ол бейсанаға мықтап бекітілгеннен кейін, оны растау немесе бейнелеу арқылы мәжбүрлеп қажеті жоқ. Талпыныста өмір сүріп, өзіңіз болыңыз, бастысы болғаныңызға разы болыңыз.
Сіз жасауыңыз керек әрекет – сіздің жаңа «Мен» қандай болу керектігін саналы түрде, ақылмен шешу. Мысалы, егер сіз темекіні тастауды шешсеңіз, өзіңізді темекіге автоматты түрде жететін жағдайды елестетіп көріңіз. Шынайы өмірде сіздің қолыңызда ештеңе жоқ. Егер сурет жеткілікті айқын жəне жарқын болса, бейсана оны нақты тəжірибе ретінде қабылдайды. Сіз темекіге қолыңыз жүгірді, бірақ сіз кері шешім қабылдап, одан бас тарттыңыз, қиялдаңыз, елестетіңіз, бұл жаттығу сияқты, күніне қанша рет қайталасаңыз, соншалықты нәтежиеге жетесіз. Бұл бейнені жадыңызда сақтаңыз жəне жетістігіңіздің мақтанышын сезініңіз. Бейсана үшін сіз осы қиял жағдайында мəңгі темекі шекпейтін боласыз. Оны жадта қайта-қайта ойната отырып, сізде тұрақтылық қалыптасады, сіз темекі шегушіден, темекі шекпейтіндерге оңай жəне еш күш жұмсамай айналасыз. Егер ниет қайтадан пайда болса қарсылық танытпаңыз, тек бейнелеу, елестету, қиялдау жаттығуын күшейтіңіз.
Қиялдағы бейне өзгереді, сіз іс жүзінде осы зиянды əдеттен арылу үшін одан алатын эмоцияңызды алмастыра алсаңыз. Егер сіз ұялшақтықтан арылғыңыз келсе, өзіңізді ең жақсы достарыңыздың қасында елестетіп көріңіз, сіз олармен еркін, сенімді түрде сөйлесіп жатырсыз. Енді өзіңізді жаңа, ерекше жағдайда елестетіп көріңіз, мысалы, бейтаныс адамдармен толтырылған бөлмеде. Өзіңізді адамдар ішінде абыройлы, беделді сезінетіндігіңізді елестетіп көріңіз. Жетістікке жетудің қуанышты сезімін сезініңіз. Бейсана бұл жағдайдың бірнеше рет қайталанғанына көз жеткізгенге дейін бұл бейнені қайта-қайта елестетіңіз. Егер сіз шынымен шылқыған бай, танымал жұлдыздардың жағдайына тап болсаңыз, сіз өзіңізді қалай ұстайсыз. Қарапайым ба әлде такаппарлық көрсетесіз бе? Осылай бейнелеуді жаттықтыра береңіз. Өзгерісті тездетіңіз, бірақ мәжбүрлемеңіз, сонда сіз кері нәтиже алмайсыз.
ӨЗІҢІЗДІ ЖАҢА ЖОЛМЕН АНЫҚТАҢЫЗ
Əрбір қиялдағы бейне, бейсана арқылы, адамның өзі ж/е өмір жайлы ойларын, шындықты өзгерте алмайды. Егер олай болса, теледидар, видео көру жеткілікті болар еді. Бейсанадағы шындықты жақсы, дұрыс, пайдалы жаққа өзгерту үшін жеке тəжірибесіз болмайды. Сонда ғана сіз ақыл-ой бейнесін өзгерте аласыз. Сондықтан сіз басқаны емес өзіңізді көруіңіз керек, сыртқы ортаны емес өз ішкі жан-дүниеңізді сезінуіңіз керек. Қандай да бір іс-əрекет процесінде басқа адамды елестете отырып, сіз өзіңізге: «Адамдар мұны қалай жасайды», Құдай бере салған ғой» деп айтасыз. Содан кейін, бейсанада сіз өзіңізге «мен үшін бұл мүмкін емес» деген сенімді бекітесіз. Сізді қандай да бір бай, танымал адам қызықтырса, сіз оның соңғы нəтижесін емес, оның осындай жағдайға қалай жеткен жолын көруіңіз керек. Ал өзіңіз «қалай» деген сұрақты ұмытып, соңғы нәтежиені қиялыңызда көріп, бейсанаға оны жүзеге асыруға мүмкіндік беруіңіз керек. Сонда бейсана «Қалай?» екенін айтады және сіз оны орындауыңыз керек.
Егер сіз өзіңізді өзіңіз қалағандай елестете алмасаңыз, онда сіз ешқашан қалаған нəрсені ала алмайсыз. Кез-келген ұзақ мерзімді өзгеріс сіздің ішіңізде басталуы керек. Əйтпесе, ол уақытша болады. Өмір бойы сіз өзін-өзі гипноздау үшін, еріксіз түрде аффирмация мен визуализацияны, өзіңіз білмесеңіз де қолданып келдіңіз, енді сіз бұл процестерді саналы түрде бақылауды үйренуіңіз керек, сонда олар сізге зиян емес, сізге пайда əкеледі. Растамалар мен басқарылатын қиялдар ойлауды түзету, алмастыру принципіне сəйкес бағдарламалау үшін қолданылады. Əрі қарай, бұл іс жүзінде қалай жүзеге асырылатынын қарастырамыз.
7. Бейсанаға түсіру техникасы
Əдеттерді, өмірлік ұстанымды немесе қандай да бір жағдайды өзгерту туралы жалғыз шешім, автоматты түрде өзгеру үшін жеткіліксіз. Шешім қабылдау – бұл бірінші қадам. Өзі туралы бейсана ойларын өзгерту үшін қосымша əрекеттер қажет. Мақсат – қалаған нəтиженің психикалық көрінісі екенін біз бұрыннан білеміз. Сіз оны қағазға жазған кезде, ол растама (аффирмация) болады. Осылайша, ойлауды бағдарламалау, бейсанаға «түсіру принципі» бойынша жүзеге асырылады. Біз саналы, ерікті түрде түпкі нəтиженің жаңа қиялдағы бейнесін, ақылдағы ішкі сөз – ойды бейсанаға түсіріп, бекітуіміз керек.
Жүзеге асырғымыз келетін өзгерістердің барлығын тек өзіміз басқарамыз. Түсіру процедурасы үш кезеңнен тұрады:
1. Мақсатты растау.
2. Түпкілікті нəтижені көру.
3. Мақсатқа жетуге байланысты эмоциялар сезіну.
«Түсіру техникасы» туралы ешқандай түсініксіздік болмас үшін əр қадамды егжей-тегжейлі қарастырайық.
1. МАҚСАТТЫ РАСТАУ
Растау – бұл қазіргі уақытта жазбаша түрде расталған факт немесе сенімнің оң, жағымды, позитивті растамасы. Растама, мақсат қазірдің өзінде жүзеге асырылғандай болып жазылады. Қағазға растаманы жазу арқылы сіз бейсананы бағдарламалау процесін басқарасыз, қиял мен ақылды қалаған нəтижені көрсетуге итермелейсіз.
2. ТҮПКІЛІКТІ НƏТИЖЕНІ КӨРУ
Мақсатқа жету үшін елестетіп, қиялмен өмір сүріңіз. Сіз осы мақсатты жүзеге асыруға белсенді қатысатындығыңызды көруіңіз керек. «Конструктивті визуализация» деп аталатын бұл техниканың əрекеті репрессия (сананы айдау) принципіне негізделген. Сіз өмір мен өзіңіз туралы бұрынғы, пайдасыз ой-пікірді бейсанадан шығарып, оны жаңа ойлармен алмастырасыз. Есіңізде болсын, Бейсана бізді қиялмен бейнелейтін мақсатқа жетелейді.
3. МАҚСАТҚА ЖЕТУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЭМОЦИЯЛАР СЕЗІНУ
Бейсана сөздер емес, сезімдерге көбірек жауап береді. Эмоционалды реакцияның қарқындылығы ішкі тəжірибенің қаншалықты оң немесе теріс екендігімен емес, олардың қаншалықты жойқын екендігімен анықталады. Ой (сөз) бізге қаншалықты эмоционалды түрде жауап берсе, соғұрлым ол тезірек іске асады. Осылайша, эмоциялар мен тəжірибелер «түсіру процесінде» маңызды рөл атқарады. Өмірде растаудың іске асырылу жылдамдығы, жоспарланған мақсатты іске асырудың психикалық көрінісінің жиілігіне жəне эмоционалды қатысу дəрежесіне тең деп айта аламыз. Яғни аффирмация, визуализация мен ол тудырған эмоция жиірек қайталанған сайын, мақсатқа адам тезірек жетеді. Осыған қосымша, өзіңіз қалаған нəтижеге қалай жетуге болатынын елестетіп көріңіз, жеңіс қуанышын жəне осы жетістікке қанағаттану, көңіл толу сезімін сезініңіз.
Бейсанада жаңа ойлар мен ақыл-ой бейнелерін сəтті түсіру үшін барлық үш қадам қажет. Егер сіз жай ғана Растауды дауыстап оқысаңыз, жазсаңыз, тыңдасаңыз (мысалы мен диктафонға жазып, өзімнің мақсаттарыма байланысты құрастырған аффирмацияларды басқаның емес өз дауысыммен тыңдағанды ұнатамын) сəтті əрекеттердің үлесі шамамен 30% құрайды. Бейнелеумен бірге растау жағдайлардың 50% (жартылай бақыт) сəттілік əкеледі. Егер алғашқы екі қадам сіздің эмоционалды қатысуыңызбен толықтырылса, онда 100% табыс пен сәттілікке кепілдік беріледі!
РАСТАМАЛАР КҮШІ
6-тарауда біз бұл мəселені қозғадық. Неліктен Растамаларды қолдану соншалықты тиімді? Өйткені, көп мəрте қайталау, ойларды (сөздерді) бекіту, əсіресе қиялдағы бейнемен жəне эмоциялық тәжірибемен, жаңа бағдарлама, жаңа көзқарас, жаңа «Мен» қалыптастырады. Сайып келгенде, растау тұрақты сенімге айналады. Біздің басым наным-сенімдеріміз шындыққа айналып, жүзеге асырылатындықтан, растау – бұл шындықты өзгертудің кілті.
РАСТАМАЛАР (Аффирмациялар) ШЫНЫМЕН КӨМЕКТЕСЕДІ МЕ?
Мүмкін сіз Растауды пайдасыз жəне тиімсіз деп санайтын шығарсыз немесе теориясы жақсы, бірақ іс жүзінде уəде етілген нəтижені бермейді деп ойлайтын шығарсыз. Көптеген адамдар Растауды қолдануға тырысады, бірақ көп ұзамай бұл əрекетті тастайды. «Мен тырыстым, бірақ маған көмектеспеді!» – мен бұл сөйлемді көп адамнан естідім. Бірақ іс жүзінде растау көмектеседі. Өзіміз туралы айтылған нəрсе әрдайым қызықтырады. Егер сіз Растаманы қолдана алмасаңыз, неге олар сіз үшін «жұмыс істемеді» деп ойлағаныңызды түсіндіруге рұқсат етіңіз. Бұл өте маңызды, сондықтан назар аударған жөн. Растамалар тиімсіз болып көрінеді, өйткені оларды пайдалану барысында сіз бейсаналық түрде бір сəтті жіберіп алдыңыз. Сөздің шындығын өзіңіздің эгоңызға дәлелдей алмадыңыз. Проблема принциптің тиімсіздігінде емес. Егер сіз өзіңіздің ішкі диалогыңызды мұқият тыңдайтын болсаңыз, онда сіз Растаманы қайталаудың тиімділігі туралы нақты дəлелдер аласыз. Күні бойы біз өз наным-сенімдеріміз бен өмірлік ұстанымымыз туралы үнемі растамалар (сөздер) айтамыз ішке/сыртқа. Бұл растамалар бізді бүгінгі күнге дейін қалыптастырды, яғни бізге көмектесті немесе қалағанымызға жетуге кедергі келтірді. Позитивті растамалардан шынымен пайда алу үшін, олар біздің бейсанаға əсер етуі керек. Бұл ең үлкен қиындық. Өкінішке орай, көпшілігіміз растау арқылы қажетті жетістікке жете алмаймыз. Неліктен? Өйткені, өзімізге дауыстап айтқанымызды қайталай отырып, біз өзімізге өтірік айтамыз! Біздің растамаларымыз көбінесе «жалған» болып келеді. Біздің көптеген растамаларымыз біздің сенімдерімізге қайшы келеді, сондықтан олардың əрқайсысына бейсана кішкентай, бірақ өте маңызды түзету енгізіп, басқа растама жасайды. Бұл растама «қате көзқарас» болып табылады. Айталық, сіз өзіңізге: «Мен толықпын». Сіздің растамаңыздың соңында теріс мəні бар бір немесе бірнеше қате «көзқарастар» пайда болуы мүмкін. Мысалы: «Егер Мен салмақ жоғалтсам, мен бұл салмақты ұстап тұруым керек». «Егер Мен салмақ жоғалтсам, мені ұятсыз ұсыныстары бар ер адамдар мазалайды». «Егер Мен салмақ жоғалтсам, сүйікті тамағымнан бас тартуға тура келеді». «Егер Мен салмақ жоғалтсам, жаңа гардеробқа (киімдерге) ақша жұмсауға тура келеді». Бұл қате «көзқарастардың» тізімі шексіз. Əрине, оларды сіз ешкімге дауыстап айтпайсыз, өзіңіге ғана айтасыз, бірақ іс жүзінде олар растаудың көмектеспеуінің себебі – қате көзқарас» болып табылады.
ҚАТЕ «КӨЗҚАРАСПЕН» КҮРЕСУ
Біршама табандылық таныта отырып, сіз осы «қате көзқарастарды» жеңе аласыз. Егер растама бейсанада мықтап тұрса, оны жою оңай емес. Себебі ол сіздің өзіңіздің «Мен» бейнеңіздің негізі болып алған. Теріс «көзқарастар» (қара ойлар) бейсанаға салынып, сіздің шындығыңызды қалыптастыратын басым ойларға айналады. Қазіргі уақытта сізбен болып жатқанның бəрі, сіздің бейсана шындық ретінде қабылдаған, қазіргі көзқарастарыңызды ғана көрсетеді. Бұрынғы ойлар мен наным-сенімдерді жаңа растамалармен алмастыру үшін уақытпен айтарлықтай күш қажет. Бірақ жаңа оң көзқарастар ескі теріс көзқарастарды алмастырғаннан кейін, олар тұрақты жəне тиімді болады. Сіз бұрынғы мінез-құлқыңызға қайта орала алмайсыз, өйткені ол сіздің жаңа басым ойларыңызға сəйкес келмейді. Ішкі диалогты тыңдаңыз – сіз барлық жағымсыз «көзқарасты», теріс, алдамшы, қара ойлар естисіз. Бұл растамалар бүгінгі жағдайдың шеңберінен шығуға мүмкіндік бермейді. Көріп отырғаныңыздай, олар өте маңызды күшке ие. Сіз оларды күні бойы үнемі айтып отырасыз, нəтижесінде олар басым ойларға айналады, содан кейін шынайы өмірге ене бастайды. Қазіргі уақытта сіз жаңа ғана оқылған ақпаратты менімен келісу немесе келіспеу туралы шешім қабылдау үшін қазіргі сенімдеріңізбен сəйкестендіресіз жəне менімен оймен (сөзбен) күресуге дайындаласыз. Сіз өзіңізге: «Мен келісемін, бірақ бұл растау маған көмектеспейді» деп ойлайсыз. Егер солай болса, онда сіз, олар сізге көмектеспейді деп алдын-ала растайсыз жəне бұл сіздің шындыққа айналады және сіз одан пайда ала алмайсыз.
Сондықтан мен Растауды қолдану мінсіз жұмыс істейді деп айтамын. Мүмкін, бұл өзін-өзі гипноздаудың ең тиімді құралы. Бірақ оны өзіңіз үшін пайдалы пайдалану үшін қажетті нəтиже туралы шынайы растама жасаңыз. Егер сіз өзіңізді шындық туралы ойларыңызға сəйкес келмейтін ақпаратқа сендіруге тырыссаңыз, ішкі дауыс: «Бұл дұрыс емес. Сіз кімді алдауға тырысасыз?» дейсіз, бұл теріс «қөзқарас». Көп жағдайда қандай да бір Растаманы дауыстап айту арқылы, біз бұл сөздердің өтірік не жалған екенін есімізде сақтаймыз, оларды жазған, тыңдаған дұрыс. Сонда процесс мағынасын жоғалтпайды. Бейсана ештеңеге қарсылық білдіре алмайтындай етіп растау керек. Ең тиімді əдіс – растамада «Мен шешім қабылдадым» сөзін қолдану. Бірнеше мысал келтірейін. Қатты дауыстап айтыңыз: «Мен жылына 100 мың доллар табамын». Бұл – қате растама! Суммасын сіз шама-жағдай, байлық туралы сенім мен түсінікке қарай таңдайсыз. Енді айтыңыз: «Мен жылына 100 мың доллар табуды оңай жəне тұрақты шештім». Айырмашылықты сезінесіз бе? Тағы бір мысал. «Мен тартымдымын» деп айтыңыз. Бұл – қате растама. Енді айтыңыз: «Мен айналамдағы адамдар мені тартымды санайтындай шешім қабылдадым». Екінші растама сізге сенімдірек болып көрінбейді ме? Жəне тағы бір мысал. Дауыстап айтыңыз: «Менің кәсібімде клиенттерім көп». Бұл – қате растама! Енді өзіңізге айтыңыз: «Мен кәсібімде көп клиенттерге ие болу үшін бар мүмкіндікті жасаймын». Екінші растамада біршама айқындық пайда болады, солай емес пе? Осы Растауды талдаңыз. Əр жұптың қайсысы сенімдірек болып көрінеді? Қандай қарама-қайшылықты сезімдер тудырады? Қайсысы үйлесімділік пен сенімділік сезімін қалдырады? Əр мысалдағы екі растаманың қайсысы сізді өзіңізден: «Сіз кімді алдауға тырысасыз?» дейді. «Мен (кез-келген проблеманы) шешемін» сөзімен растау əдетте сенімдірек естіледі, сондықтан оны сенім арқылы қабылдау оңайырақ. Сонымен қатар, ол теріс «көзқарасқа» жол бермейді, сондықтан ол тезірек жəне тиімді əрекет етеді. Айырмашылықты шынымен түсінгеніңізге күмəн болмас үшін, тағы бір мысалды қарастырайық. Өзіңізге айтыңыз: «Менің жаңа сəнді көлігім бар». Бұл – қате растама! Егер сізде жаңа сəнді көлік болса, бұл сөзді басқа растамамен ауыстырыңыз. Бастысы – сіз қалаған нəрсе туралы растама жасау. Сіз бұл растаманы қалай қабылдадыңыз, өйткені сізде жаңа сəнді көлік әлі жоқ. Енді айтыңыз: «Мен жаңа сəнді көлікке ие болуды шештім». Екі тұжырымның қайсысы сізге сенімді болып көрінеді? Олардың қайсысы бейсанада бірден қарсылық білдіруге тырысады: «Сіз кімді алдауға тырысасыз?» дейді. Бірінші растаманы айту арқылы, бейсана түкпірінде, сіз, ең алдымен, күмəн тудырасыз. Енді қате растамаларға кезек берейік «Мен жаңа сəнді көлікке ие бола алмаймын» немесе «Егер көлігім менде болса ғой!». Егер сіз «Мен шешемін» деген сөздермен растауды бастасаңыз, онда бұл сенімдірек естіледі, өйткені бейсана жаңа сəнді көлікке ие болу үшін «шешім қабылдағаныңызға» қарсы тұра алмайды. Және шешім қабылдау міндетті түрде жедел әрекетке алып келеді. Сізге ақыл мен қиялға қысым жасаудың қажеті жоқ – сіз жай ғана әрекетсіз әрекетті жасайсыз ж/е көп ұзамай физикалық әрекетке көшесіз.
Сонымен, энергетикалық деңгейде сіздің тілегіңіз орындалды! Сіз жеке таңдау жасау арқылы қажетті күйге жету ниетін білдіресіз. Басқаша айтқанда, «Мен шешемін» сөзін растамаға қосу айтарлықтай əсер етеді, өйткені оны бейсана қабылдайды. Растау бейсана тарапынан қарсылыққа тап болмайтын өзін-өзі гипноздың қуатты құралына айналады. Мен бұл тəсілді өзімнің жеке «Жаман Ауруыммен» күресуде қолданамын жəне оның жоғары тиімділігіне үнемі көз жеткіземін. «Мен… шешім қабылдадым» Растауды шындыққа айналдырудың ең жақсы тәсілі – шын және әділ.
НӘТЕЖИЕЛІ ЖӘНЕ ТЕЗ ӘСЕР ЕТЕТІН РАСТАМАЛАР ҚҰРУ
Дұрыс Растау жасау процедурасы бірнеше қадамнан тұрады. Қадамдарды дұрыс түсіну қажет, өйткені олардан кірпіштен үй тұрғызуға болатыны сияқты қадам қадаммен оң, жағымды, позитивті нəтиже қалыптастыруға болады. Əр қадамды егжей-тегжейлі қарастырайық жəне олар сіздің өміріңізді түбегейлі жақсартуға қалай көмектесетіні туралы сөйлесейік.
1. РАСТАМА ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ЖАСАЛУЫ КЕРЕК
Растама қазіргі уақытта бекітілуі керек, өйткені бейсана қазірден басқаны білмейді, ол үшін өткен де, болашақ та жоқ, сондықтан сіздің растамаларыңыз өткенмен, болашақпен байланысты болмауы керек, тек қазіргі уақытпен, қазіргі сәтпен байланысты болуы керек. Бейсана өткенді де, болашақты қазір болып жатыр деп ойлайды. Сондықтан ерікті сана, ақылға өткен оқиғалар туралы үнемі ойланудың, болашаққа қате назар аударудың қажеті жоқ. Қазіргі уақытта Растаманы қолдану кезінде «бір күні», «жақында» немесе «ертең» сөздерін қолданбаңыз. Сіз өзіңіз айтқан жəне елестететін барлық нəрсені дəл қазір бейсана қабылдайтынына сендіруіңіз керек. Бұл дегеніміз, егер сіз оны қазіргі уақытта растайтын болсаңыз, онда ол өте тез іске асады, өйткені бейсана оны факт ретінде қабылдайды. Айта кету керек, біз растайтын жəне елестететін нəрсені қабылдау қабілетіміз оның қаншалықты тез орындалатынына байланысты. Біз шынайы өмірді, өзімізді қалай дұрыс қабылдаймыз барлығы соған байланысты. Қазіргі уақытта Растауды бекіте отырып, қазіргі сәтте не болып жатқанын түсінесіз жəне бейсана оларға дереу жауап береді.
2. РАСТАУ АРҚЫЛЫ, СІЗ ҚАЛАМАЙТЫН НƏРСЕ ТУРАЛЫ ЕМЕС, ӨЗІҢІЗ ҚАЛАҒАН НƏРСЕ ТУРАЛЫ АЙТУЫҢЫЗ КЕРЕК
Растамада жоғалту емес, алу фактісі көрсетілуі керек. Сіз неден аулақ болғыңыз келетіні немесе одан құтылғыңыз келетіні туралы айтпаңыз. Бұл сіз іздейтін нəрсе туралы болуы керек. Растау жəне бейнелеу өткенге емес, сіздің мақсаттарыңызға бағытталуы керек. Көптеген адамдар кері Растауды қолданады, яғни олар өздері қалаған нəрсені емес, өздері қаламайтын нəрсені талап етеді. Сонымен қатар, сіз өзіңіз қаламаған нəрсені емес, өзіңіз қалаған нəрсені сипаттауыңыз керек. Мысалы, бала кезіңізде анаңыз сізге: «сен дəрігер болуың керек», – деді. Сізде екі-ақ таңдау болды: не «керек», не «керек емес» деп қарсылық білдіру. Егер сіз өзіңіз дəрігер болғыңыз келмесе, онда ол сіз үшін «керек емес». Егер Растауды қайталау процесінде сіз біртіндеп ынта-жігеріңізді жоғалтсаңыз, бұл сіз шынымен қалаған нəрсе туралы емес, не істеу керектігі туралы сөйлесетіндігіңіздің нақты белгісі. Проблема мынада, көптеген адамдар өздері қалаған нəрсені білмейді, сондықтан оң нəтиженің орнына олар теріс растама жасайды. Көп жастардың өз қалауларын нақты айта алмайтындығына таңданбаймын, оларда тек еліктеуден туындаған қалаулар, себебі олар өздерінің шын қабілеттерін білмейді.
Адамдар қазіргі жағдайды өзгерту немесе жағымсыз әдеттен арылу туралы көп ойланады. Əдетте, олар «көбірек», «жақсырақ» жəне т. б. сияқты сөздерді қолдана отырып, қалағанын өзімен салыстырады. Мысалы: «Мен өзімді жақсырақ сезінгім келеді». «Мен өзіме көбірек сенімді болғым келеді». «Мен көбірек ақша тапқым келеді» жəне т.б. ойлар, бұл теріс пікір білдіруден гөрі жақсы болса да, мұндай растау адамды өзгертпейді, яғни «жақсырақ» немесе «көбірек» деу, салыстыруға назар аударады. Нəтижесінде, оң растауды қайталаудың бүкіл процесі өз мағынасын жоғалтады.
Рұқсат етіңіз бір мысалға. Адамнан қаламайтын нəрселер туралы сұрағанда, олар өз өмірлерінен жойғысы келетін нəрселер туралы егжей-тегжейлі айта бастайды. Мысалы: «Менің сүйіктім достарымен көп уақыт өткізгенін қаламаймын» немесе «Маған ұзақ сапарларға арналған жұмыс ұнамайды». Өйткені, олар өздері қаламайтын нəрсені нақты елестетеді, бірақ олар өздері қалаған нəрсені елестете алмайды. Басқаша айтқанда, олардың барлық ойлары проблемаларға, олар қанағаттанбаған нəрсеге назар аударады. Өкінішке орай, осылайша сіз тиімді Растауды ешқашан бейсанаға бекіте алмайсыз. Үнемі қаламайтын нəрсені ойлау беру жадта сақталады және ол ойлар сізге зиян болады, ал қалайтын нәрсені ойлау қуаныш эмоциясын тудырады. Бірақ егер сіз қолайлы нəтижені елестете алсаңыз, оның мүмкіндігі əлдеқайда жоғары болады. Осылайша, егер сіз өзіңіз қалаған нəрсеге назар аудара алсаңыз, онда бұл – нəтиже болады. Неліктен бұл өте маңызды? Себебі бейсана компьютер сияқты жұмыс істейді. Өздеріңіз білетіндей, компьютер сөзбе-сөз «ойлайды», сондықтан қандай да бір сұранысты енгізу арқылы сөздерді мұқият таңдау керек. Бейсана мен сана бірдей əрекет етеді. Компьютер сияқты, олар барлық кіретін ақпаратты сөзбе-сөз қабылдайды. Шығу туралы ақпарат, яғни бұл жағдайда іс-əрекеттің түпкілікті нəтижесі команданың нақты растамасына байланысты болады. Егер біздің ішкі компьютеріміз нәтижені түсінбесе, ол не істеу керектігін білмейді! Сондықтан, егер сіз Растауда салыстыруды қолдансаңыз, мысалы, «жақсырақ/көбірек», онда бейсана бұл команданы түсінбейді. Ол үшін «жақсырақ» кез-келген нəрсені білдіруі мүмкін. Сондықтан, егер сіздің растауыңыз екі жақты болса, онда нəтиже де жақты болады (қалаймын/қаламаймын).
3. РАСТАУ НАҚТЫ БОЛУЫ КЕРЕК
Өздеріңіз білетіндей, сіз өзіңіздің тілектеріңізді дəл растауыңыз керек. Растауда «үлкенірек» немесе «жақсырақ» сияқты белгісіз салыстырулар болмауы керек. Өзіңіз қалаған нəрсені нақты айтыңыз. Мысалы: «Мен биыл бір айда 1 млн тг табуды шешемін». Ал енді екінші растама: «Мен биылғы жылы өткен жылмен салыстырғанда көбірек ақша тапқым келеді». Бірінші растама нақты (азық), ал екіншісі белгісіз (қоқыс). Бейсана түсініксіз командаларды түсінбейді. Егер сіз жылына 10 млн тг тапқыңыз келсе жəне «Мен биылғы жылы былтырғыға қарағанда көбірек ақша тапқым келеді» деп айтсаңыз, бейсанада «көбірек» деген не екендігі туралы түсінік жоқ, сіз 10 млн тг емес 10 мың тг табасыз! Бұл Факт! Сонымен қатар, бейсананы бағдарламалау кезінде «өркендеу» немесе «молшылық» сияқты сөздерді қолданбауға тырысыңыз. Ол мұндай абстрактілі ұғымдарды түсінбейді, өйткені олар нақты емес. Сіз қандай ақша алғыңыз келетінін нақты көрсеткен дұрыс. Алдыңғы мысалды еске түсіріңіз. Біз айттық: «Мен биыл 10 млн теңге табуды шешемін». Ал енді басқаша: «Мен қаржылық өркендеу мен молшылыққа жетуді шешемін». Нəтиже сіздің өзіңіз туралы ой-пікір тұрғысынан нақты көрінуі өте маңызды. Асыра айтпаңыз немесе төмендетпеңіз. Айқын елестетіп, содан кейін, қол жеткізуге қабілетті болуы тиіс бейсана, мақсатты ешқандай қарсылықсыз қабылдайды. Мұның бəрі қабылдауға байланысты. Сіз қанша ақша қабылдай аласыз? Ақша көп тапқан сайын, оны көп жұмсау керек болады.