Читать книгу Труды II-й Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы» (Николай Сергеевич Лустов) онлайн бесплатно на Bookz (3-ая страница книги)
bannerbanner
Труды II-й Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы»
Труды II-й Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы»
Оценить:
Труды II-й Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы»

3

Полная версия:

Труды II-й Республиканской научно-практической online-конференции «Образование XXI века: проблемы, тенденции и перспективы»

Начиная со средней группы можно давать навыки следования дирижерским указаниям, это ведет к контролю качества пения. Для развития вокальных способностей старших дошколят очень важны музыкально- дидактические игры («Низкие и высокие звуки», «Сколько звуков», «Музыкальный магазин», и др.). Эти игры помогают развивать звуко-высотный слух, чувства ритма, тембра и динамики.

Творческому развитию и росту вокальных способностей детей помогают детские публичные выступления: конкурсы, концерты, фестивали, шоу и т. д. Они дарят им новый опыт и новые впечатления, развивают эстетический и музыкальный вкусы, открывают двери в мир большого искусства и приближают детей к профессиональной сцене.


Список использованных источников:

1. Ветлугина Н. А. Методика музыкального воспитания в детском саду. – Просвещение. 1982 г.

2. Доронова Т. М. Взаимодействие дошкольного учреждения с родителями. – Москва, 2002 г.

3. Картушина М. Ю. Вокально-хоровая работа в детском саду. – Москва Издательство «Скрипторий 2003», 2010 г.

4. Кацер О. В. Игровая методика обучения детей пению. – Санкт-Петербург «Музыкальная палитра», 2005 г.

5. Орлова Г. М., Бекина С. И. Учите детей петь. Песни и упражнения для развития голоса у детей 5—7 лет. – Москва, Просвещение, 1987 г.

6. Кононова Н. Г. Музыкально-дидактические игры для дошкольников – Москва, Просвещение, 1982 г.

Амирханова А. К.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР

(КГКП «Центр развития я/с №1»)

УДК 372.3/.4


Қазіргі кезде егеменді еліміздің ертеңі-өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ-қлтымыздың баға жетпес қазынасы. Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр.

Қазіргі кезде білім ғылым саласындазаманауи педагогикалық техналогиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық техналогиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымның біріне айналады. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі-өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Әрине, ол үшін мектепке дейін білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагоктардың педпгогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Назарбаев Университетінде «Қазақстан – білім қоғамы жолында» тақырыбында интерактивті дәріс оқу барысында, Үкіметке мектепке дейінгі тәрбие мен білімнің заманауи әдістерін енгізуді тапсырды. «Бұлар-инновациялық білім беру технологиялары-креативті болуы шарт», – деді Н. Назарбаев. Сөз арасында Мемлекет басшысы соңғы жылдары мектепке деінгі білім беру мекемелерінің саны 3,5 есеге артқанын айтты. Ал соңғы 2 жылда мектепке дейінгі мекемелерде балалардың қамтылуы 65 пайызға жеткен. 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 100 пайызға жетеді.

Егеменді еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманғасай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – педагогтар еншісінде. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшінжаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады.

Жаңа заман баласы-ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырыолллллп, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр – сырынаныңтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай түзету қажет. Әрине ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педпгогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау – қазіргі таңдағы әрбір педогогтың міндеті.

Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру – бастыт мәселенің бірі. Білім беру жүйесінде педогогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуынағ жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педогогтың міндеті болып табылады. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде: ынтымақтастық педогогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, психологиялық, педогогикалық әдістемелік білімді, педогогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын заманауй педогогикалық әдістердің бірнеше түріне тоқталайық. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту балалардың шығармашылығын дамытуда интербелсенді әдістерді қолдану бірнеше міндеттердішешуге мүмкіндік береді. Интербелсенді әдістер тәрбиешілердің басқа балалармен, тәрбиешімен диалогқа кірумен, шығармашылық тапсырма орындаумен, оқытудың «субъекті» ретінде сипатталады. Интербелсенді әдістер балаларға мінезін қалыптастыруға, байланыс тілді, логикалық ойлауды, дүниетанымды дамытуға, сыни ойлауды қалыптастыруға және жеке мүмкіндіктерді беретін заттақ-дамытушы орта құруға мүмкіндік береді.

Еліміздің мектепке дейінгі мекемелері мемлекеттік стандартымыздығ ұлттық тәрбиемізді негізге ала отырып, оқу қызметін жүгізумен қатар, бала тәрбиесіндегі әлемнің көптеген мемлекеттері пайдаланып отырған үздік тәжірибелі италияндық ағартушы-ғалым М. Монтессори әдісімен жұмыс жасауда. мемлекттік жалпыға бірдей білім беру стандартында қарастырылған бес білім беру салалары М. Монтессоридың әдістемесі бойынша ортаны ұйымдастырумен үндес болып келеді.

Бұл әдістің мақсаты – балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухына тәрбиелеу. «Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер» дейді мұндағы бала. Педагог әрқашан мейірімді, балаға басшылық ете отырып, бала мен дайындалған дидактикалық орта арасындағы елші болады.

Мектепке дейінгі шақ адамзат өміріндегі ең шешуші кезең болып келеді. Өйткені осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарндылық жан-жақты дами бастайды. Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, соншалықты жұмыс нәтижелі болады. Міне осыған сәйкес жеке тұлғаны дамытуда Г.С.Альтшуллердің «Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы» технологиясын республикамыздың мектепке дейінгі мекемелерді қолдауда. Шығармашылықты зеттеген ғалымдардың бірі Г. С. Альтшуллер 50 жылға жуық шығармашылығ тұлға іс-әрекеті заңдылығын зерделеумен айналысты.

Мектепке дейінгі балалық шаққа бейімделген ТТШТ технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық жүйелі түрде жетелеуге мүмкіндік береді. Баланың шығармашылық потенциялының тұлға ретінде даму мәселесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы білім мақсатының біріне жатады. Бүгінгі күні осы Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының әдістері арқылы мектепке дейінгі балалардың тілдік құзіреттіліктерін, қабілеттерін дамытудағы маңызды орын алатыны айқын. ТТШТ әдістерін дұрыс қолданудың арқасында балалардың шығармашылық қиялы, тапқырлығы, диалектикалық ойлауы жктіледі.

Бүгінгі күннің заманауи білім беру жүйесі үшін өзекті мәселелердің бірі-балаларды ғана емес, педагогтардың да, кәсіби құзіреттілігінің дамытуды қамтамасыз ету. Сондықтан қазіргі кезде облысымыздағы мектепке дейінгі педагогтардың тәрбиелеу мен оқытуда заманауи әдістерін қолдануы, оларға әдістемелік қолдау көрсету – басты назарда. Біліктілікті арттыру жүйесі қоғам сұраныстарына дер кезінде жауап беруге мүмкіндігі бар үздіксіз білімнің ең бір оралымды құрылымдарының бірі.


Пайдаланылған әдебиеттер.

1) «Жаңа технологияларды сабақта қолдану» Ұ. Төлепова «Бастауыш мектеп» №7, 2015 жыл

2) «Отбасы және балабақша» журналдары 2014 жыл, 2017 жыл

3) Дамыту оқыту технологиясы. Бисенбаева Әлия.

Асанова О. Н.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған креативті ойлау тапсырмаларын география сабағында пайдаланудың маңыздылығы

(Назарбаев Интеллектуальная школа

физико-математического направления в г. Алматы)

УДК 373


Бұл – бүгінгі заманда жиі айтылатын сөз. «Креативті ойлауға» түрлі анықтама берілген. Өнімді ойлау, тиімді шешім қабылдау, жағдайды алдын ала болжау, уақыттың өзі талап еткен жаңа идеялар, әріптестік байланысты арттыру, жаңалық ашу, басқарудың жаңа тәсілдерін ойлап табу, стандартты ойлау жүйесінен тыс идея және тағы да басқалар. Мектепте креативті ойлауға үйрету маңыздылығы еңбек нарығының талаптары ғана емес. Мектептер өте маңызды рөл атқарады, себебі мектеп балаларға өздерін өмір сүретін қоғамының бір бөлігі екенін сезінуге және сол қоғамның дамуына үлес қосу үшін шығармашылық ресурстарын түсінуге мүмкіндік береді.

Оқушылардың қиялы мен қызығушылығы оқу үдерісін жандандыра түсуі мүмкін: креативті ойлау оқушыларға белгілі бір дүниелерді (мысалы, оқу мақсаттарын) түсінуге көмектеседі. Оқушылардың мектептегі оқуына деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру үшін барлық оқушылардың шығармашылық энергиясы мен шығармашылық әлеуетін ашатын жаңа оқыту түрін әзірлеу қажет. Бұл әсіресе мектепте оқуға қызығушылық танытпайтын оқушылар үшін пайдалы болуы мүмкін, мұндай оқыту түрі оларға өз ойларын жеткізіп, дарынын ашығу мүмкіндік береді.

География сабағында «Атмосфера» бөлімінде төмендегідей тапсырмаларды тақырыптарға сәйкес қолдануға болады.

Тапсырма-1. Ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1кг 33г салмақ түсіреді. Орта бойлы адам шамамен 15 000 см², оған түсетін қысым 15 500 кг немесе 15 т-дан астам. Неліктен біз мұндай қысымды сезбейміз?

А. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымымен тепе-тең келеді.

В. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан артық келеді.

С. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан кем келеді.

Д. Біздің денеміздің ішкі қысымы мен сыртқы атмосфера қысымының арасында ешқандай байланыс жоқ.

Жауабы: А

Тапсырма-2. Экологиялық ахуалдың нашарлауы ірі қалаларда ауадағы таза оттегі мөлшерінің 10—12%-дан артпауына алып келді. Ауадағы таза оттегі мөлшері қанша пайызды құрағанда қалалықтар экологиялық ахуалдың жақсарғанын көріп, сезінеді?

А. 100% В. 51% С. 21% Жауабы: С

Тапсырма-3. Ғаламшарлар секілді Ай да салқын дене. Айжан ата-анасымен қонақтан үйлеріне түн ауа қайтты. Ай жарқырап үйге қайтар жол ағараңдап анық көрінеді. Айжан ай неге жарық, ол салқын дене емес пе деп ойлады? Неліктен ай салқын дене бола тұра бізге жарық болып көрінеді? Түсіндір.

Жауабы: Ай Күн сәулесін қабылдай алмайды, оның орнына тек шағылыстыратын қабілеті бар.

Тапсырма-4. Қазақта өмірде өзіңнен кейін ізің қалсын деген қанатты сөз бар. Бұл әрине рухани өмірдегі адмгершілік іздері жайлы айтылған. Ал жер бетінде біздің аяғымыздың ізі көп дегенде бірнеше күн ғана сақталса, ай бетінде ғарышкерлердің ізі ғасырлар бойы сақталады. Ай бетінде ғарышкерлердің ізі жүздеген жылдар бойы сақталуының себебі не? Жауабы: Себебі Айда жел де, жауын-шашын да болмайды.

Тапсырма-5. Аспан денелерінің бірі – Ай белгілі бір мөлшерде Жерге әсер етеді. Сен жалғыз өзің ешқандай тіршілік белгісі жоқ аралға тап болдың. Айдың көмегін қалай пайданар едің?

Жауабы: Толысу құбылысын пайдаланып, су қайтқанда балық, тағы басқа теңіз өнімдерін теріп тамақтанар едім.

«Гидросфера» бөлімінде төмендегідей тапсырмаларды тақырыптарға сәйкес қолдануға болады.

Тапсырма-1. Үйде краннан ағып тұрған су құбырлармен жеткізілген. Не үшін су құбырларын жердің астымен өткізеді?

Оқушылар бірнеше жауаптар беруі мүмкін. Осындай мағыналас жауаптардың қайсысы болса да қабылданады:

– Қыста ауа температурасы өте төмендеп кететіндіктен

– Қыста жер бетіндегі тым суынған ауаның құбырдағы суды қатырып тастамауы үшін.

– Ауа температурасы өте төмендегенде су бір күйден екінші күйге, яғни сұйық күйден қатты күйге өтпес үшін.

– Су құбырына қалың төселген (жауып жатқан) топырақ қыста өте суық ауадан, аяздан қорғайды.

Тапсырма-2. Неге Өлі теңізге батып кету мүмкін емес?

Жауабы: Бұл теңізде судың (дәлірек айтқанда, ерітіндінің) таңғажайып жоғары тығыздығына байланысты Архимед күшінің үлкендігі соншалық, сұйықтық адамды денеге толығымен енуіне жол бермей, адамды су бетіне итеріп жібереді.

Тапсырма-3. Сахара шөлінің солтүстік-африкалық бөлігіндегі Чад көлінің тереңдік деңгейінің өзгеруі көрсетілген. Чад көлі соңғы Мұз дәуірі ішінде, шамамен біздің заманымызға дейінгі 20 000 жыл бұрын толық жойылып кеткен. Шамамен біздің заманымызға дейінгі 11 000 жыл бұрын ол қайтадан пайда болды. Қазіргі күні оның тереңдік деңгейі біздің заманымыздың 1000 жылдағысымен бірдей.

Бүгінгі күні Чад көлінің тереңдігі қандай?

A. Шамамен 2 метр

B. Шамамен 15 метр

C. Шамамен 50 метр

D. Көл толықтай жойылып кеткен

Е. Бұл туралы ақпарат берілмеген

Жауабы: А


Тапсырма-4. Төмендегі суреттер арқылы қандай арал көрсетілгенін

анықтаңдар: Жауабы: Д. Тасмания


«Биосфера» бөлімінде төмендегідей тапсырмаларды тақырыптарға сәйкес қолдануға болады.

Тапсырма-1. Нитрат-өсімдіктің өсуін, жасыл массасының ұлғаюын қамтамасыз етеді. Табиғатта топырақ құрамында нитрат өте аз болады. Егер топырақта нитрат көп болса, тамыр арқылы көтерілген нитраттар өсімдіктің кез-келген бөлігінде жинақталады.

Төменде берілгеннің қайсысы топырақтағы нитраттың көбеюінің басты себебі болып табылады?

А. Топыраққа азот тыңайтқышының енгізілуінен

В. Топыраққа органикалық тыңайтқыштардың еңгізілуінен

С. Мелиорация шаралары дұрыс жүргізілмеуінен

Д. Топыраққа әк енгізілу салдарынан

Жауабы: А

Тапсырма-2. Аз мөлшердегі нитрат адам ағзасында әрдайым болады. Нитраттар ағзаға көптеп түскен кезде олар нитритқа айнала бастайды, содан кейін қанға түскен кезде метгемоглобинемия (оттегі жетіспеушілік) тудырады, А витаминін бұзады, қалқанша безінің, жүректің, жүйке жүйесінің қызметін бұзады. Ағзадағы нитраттар мен нитриттер біртіндеп канцерогенді затқа айналады. Адам ағзасына нитраттың көптеп жүйелі түсуі арулардың қайсысының пайда болу қаупін жоғарылатады?



Жауабы: Бронхит

Тапсырма-3. Қазіргі кезде экологиялық жағдай үлкен проблемаға айналып отырған заманда, күнделікті тамаққа пайдаланатын ауыл шаруашылық өнімдерінің сапалық құрамы қандай деген сұрақ туып отыр. Жылдар бойы жүйелілікпен, яғни тамақпен бала кезден бастап адам ағзасына енген нитрат түрлі ауруларға душар етеді. Балалар рационынан қандай жемістерді шектеу керек.



Жауабы: Ерте жиналған жылыжайлық жемістерді

Мектепте осындай тапсырмаларды сабақта қолдану берілетін білімнің маңызы болып табылады, өйткені ол жастарға өз таланттарын, оның ішінде шығармашылық қабілеттерін анықтап, ашуға, дамытуға көмектеседі. Осындай креативті ойлау тапсырмалары оқушылардың оқуына жақсы әсер етуі мүмкін, өйткені ол балаларға бастан кешкен тәжірибесіне, істеген істері мен орын алып жатқан оқиғаларға жаңа қырдан қарап, басқаша түсінуге мүмкіндік береді. «Орташа ақыл мен күшті қайрат қосылса, адам талай қызметті орындауға қабілетті болады, әсіресе, қайраты қуатты, жүйелі болып келгенде, бұл қасиеттері болмаса, қандай күшті талант дарыған адам болса да, үздік талантына лайықты қызмет істеп, өзін-өзі көрсетіп, жарқырап шыға алмайды» -деп Жүсіпбек Аймауытұлы айтып кеткендей әр оқушының талантын лайықты қолдана білуіне ықпал жасау сабақтың мазмұнына байланысты.

Ахильбекова А. А., Аубакирова Ж. К.

Жасөспірімдердің өз-өзіне сенімділіктің қалыптасуының психологиялық негіздері

(«Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ)

УДК 378


Мектептегі психологиялық қызмет жұмысының тәжірибесі көрсеткендей, жасөспірімдердің психологқа жиі жүгінетіні – өзіне сенімді болу, ұялшақтық пен шектеуді жеңу мәселесі. Құрбыларының алдында күлкілі, дәрменсіз және осы немесе басқа жағдайда сәтсіз болып көріну қорқынышы жасөспірімдердің көпшілігін алаңдатады [1]. Бұл жасөспірімдік кезеңнің дамудың ең қиын және маңызды кезеңдерінің бірі екендігімен түсіндіріледі. Дәл осы жаста пайда болатын өзіндік сана жасөспірімдерді басқалардың сынына сезімтал, эмоционалды теңгерімсіз және сенімсіз етеді.

Бүгінгі күнге дейін мектеп тәжірибесінде психолог жасөспірімдердің өзіне деген сенімділігін арттыруға бағытталған түрлі психологиялық көмек, қолдау және қолдау бағдарламаларын пайдаланады. Алайда олардың көпшілігі әлеуметтік ортамен, атап айтқанда мұғалімдермен, ата-аналармен жұмысты ескермейді. Осыған байланысты психологтың балалармен, ата-аналармен (отбасымен) және педагогтармен жүргізетін кешенді жұмысын қамтитын өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға психологиялық қолдау көрсету жолын құру өзекті болып табылады.

Жалпы жасөспірімдердің өзіне сенімділігі тақырыбын осы уақытқа дейін А.М.Прихожан, В.Г.Ромек, Е.А.Серебрякова және О.В.Соловьева сынды ғалымдар зерттеген, айта кетерлік жайт, олар өзіне деген сенімділікті тұлғаның ажырамас қасиеті ретінде түсінуге қатысты концептуалды көзқарастарына сүйенді, оның құрамдас бөліктері ретінде тұлғалық, когнитивтік, эмоционалдық және мінез-құлық компоненттерін қарастырды.

Тұлғалық құрамдас бөлік адамның өзін-өзі бағалауы мен өзін-өзі бағалауының жоғары деңгейімен ұсынылған. Сенімділік құрылымындағы өзін-өзі бағалаудың жоғары деңгейі жеке жайлылықты анықтайды, өзін-өзі қабылдау дәрежесін білдіреді және адамның өзіне деген қанағаттануының көзі ретінде қызмет етеді [2]. Өзін-өзі бағалау – адамның өзін қаншалықты қабілетті, маңызды, табысты және лайықты санайтынын анықтайтын көрсеткіш [3]. Сонымен қатар, бұл компонент өзінің күшті және әлсіз жақтарын адамның жеке ұстанымын қамтиды [4].

Когнитивтік компонент адамның өз тиімділігіне деген сенімінің күшін көрсетеді. Бұл құрамдас «адамның кез келген қызметте күтілетін нәтижеге жету үшін қажетті мінез-құлықты сәтті жүзеге асыра алатындығына сенімі» [5, б. 71]. Сонымен бірге бұл компонент сенімнің не екенін, оның өмірде қалай пайдалы болуы мүмкін екенін білуді, сондай-ақ сенімді мінез-құлықтың артықшылықтарын түсінуді білдіреді [4].

Эмоционалдық компонент адамның әлеуметтік қарым-қатынастағы батылдығын сипаттайды. Бұл компонент әлеуметтік қорқынышқа қарама-қайшы бола отырып, жеке тұлғаның жағымды эмоционалдық фонын көрсетеді [5] және өзінің реакцияларын басқару, сабырлылық, тұрақтылық пен тепе-теңдікті көрсету қабілетін қамтиды [4].

Жоғарыда аталған компоненттерді біріктіретін мінез-құлық компоненті өзіне деген сенімділіктің мінез-құлық репертуарының сыртқы жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Мұндай іске асырудың мысалы ретінде тұлғааралық өзара әрекеттесуде көрінетін тұлғаның бастамасын келтіруге болады [5]. Бұл компонент сонымен қатар жеке адамның сенімділік танытуға арналған жеке дағдылардан тұратын нақты ережелерді қолдануын білдіреді. Бұл сәйкесінше өзін ұстауы, қимылдар, жүріс, ым-ишара, мимика, көзқарас, сөйлеу мәнері және т. б. Бұған адамның өзін сенімді ұстауын көрсетуге мүмкіндік беретін белгілі бір әдістерді қолдану кіреді [4].

Жоғарыда аталып өткен концепцияларды ескере отырып, жалпы педагогтар мен психологтар жасөспірімдерге қандай комплексті түрде әсер ете алады және қандай методикаларды қолдана отырып олардың өзіне деген сенімділігін анықтауға болады? Психологиялық диагностика психологтың арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеті ретінде жасөспірімдердегі сенімділік пен сенімсіздіктің белгілерін терең зерттеуге бағытталған. Бұл әрекет екі негізгі міндетті шешуді қамтиды: 1) өзіне сенімді және сенімсіз жасөспірімнің әлеуметтік-психологиялық портретін жасау; 2) жүргізіліп жатқан психологиялық жұмыстың тиімділігін бағалау.

Мұндай диагностика әдісі стандартталған әдістерді қолдану арқылы тестілеу болып табылады. Негізгі әдістер ретінде мыналар ұсынылады: «Тестілеу процедурасы арқылы жалпы өзін-өзі бағалауды зерттеу» (Г. Н. Казанцева сауалнамасы), М. Розенбергтің «Өзін-өзі бағалау шкаласы», Р. Шварцердің «Жалпы өзіндік тиімділік шкаласы», М. Йерусалем (бейімдеген В.Г.Ромек) және В.Г.Ромектің «Өзіне деген сенімділік» тесті.

Ата-аналармен және мұғалімдермен жүргізілетін жұмыстың негізгі түрі – психологиялық ағарту. Мұндай жұмыс түрінің қажеттілігі бүгінгі күні мұғалімдер мен ата-аналардың психологиялық білімдерінің тапшылығына байланысты. Психологиялық әдебиеттердің болуына қарамастан, көбісі жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін, жасөспірімдермен конструктивті қарым-қатынас жасау тәсілдерін және отбасылық-педагогикалық қарым-қатынас пен бағалаудың жасөспірімдерде сенімділікті қалыптастыруға әсері туралы жалпы түсініктерді ғана біледі.

Әңгімелесу және лекция түрінде жүргізілетін психологиялық ағарту түрлеріне тоқталатын болсақ:1) жасөспірімдерге олардың психологиялық қиындықтарының көздері мен себептерін қолжетімді түрде түсіндіру; 2) тұлғалық дамудың өмірдегі маңыздылығы ретінде сенімділік пен құндылық мәселесін талқылау; 3) жасөспірімдерді оқуда белсенді болуына және өз бетімен жұмыс істеуге ынталандыру. Психологиялық ағартудың негізгі тақырыптары: «Адам өміріндегі өзін-өзі тану және өзіне деген сенімділіктің рөлі», «Тұлғалық тиімділік сезімі», «Тұлға аралық қарым-қатынаста және көпшілік алдында сөйлеу ситуацияларында сенімді мінез-құлық»

Осылайша, жан-жақты психологиялық қолдау көрсету арқылы психолог жасөспірімнің өзімен де, оның ата-анасымен және мұғалімдерімен де қарым-қатынасын біріктіреді. Мектептегі білім беру жүйесінің барлық субъектілерінің өзара әрекеттесуі ғана ойлаған нәтижеге әкеледі, атап айтқанда, жасөспірімдердің өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға әкеледі. Жасөспірімдерге комплексті көмек беру арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады:

– адекватты өзін-өзі бағалауға және өзін-өзі құрметтеуге;

– мінезінің күшті және әлсіз жақтарын, артықшылықтары мен кемшіліктерін білетін болады;

– өзіне және басқаларға деген оң көзқарас қалыптасады;

– өз іс-әрекетінің табыстылығына сенімділік артады;

– өз қорқыныштары мен жағымсыз эмоционалдық күйлерін жеңе білу;

– сенімді мінез-құлық әрекеттерінің болуы және тиімді коммуникацияларды дамыта білуі.

Өз-өзіне сенімді ұрпақ тәрбиелеу мәселесінде қоғамның кез-келген бөлшегі атсалысуы маңызды, өйткені қазіргі өзіне сенімді балалар еліміздің жарқын болашағын қамтамасыз етуші бірден бір маңызды орны бар азаматтар.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Самоукина Н. В. Практический психолог в школе: лекции, консультирование, тренинги. М.: ИНТОР, 1997. 192 стр

2. Серебрякова Е. А. Уверенность в себе и условия ее формирования у школьников: дис. … канд. психол. наук. М.: Изд-во МГУ, 1955. 124 стр.

3. Прихожан А. М. Психология неудачника: тренинг уверенности в себе. СПб.: Питер, 2009. 240 стр.

4. Соловьёва О. В. Психология лидерства: учебное пособие. Ставрополь: Изд-во СГУ, 2008. 284 стр.

5. Ромек В. Г. Уверенность в себе как социально-психологическая характеристика личности: дис. … канд. психол. наук. Ростов н/Д.: Изд-во РГУ, 1997. 242 стр.

Ахмет М. Б.

ПРАВИЛЬНО ОРГАНИЗОВАННАЯ ПРЕДМЕТНАЯ СРЕДА

(КГКП «Центр развития я/с №1»)

УДК 372.3/.4


Дошкольное образование является начальным звеном системы непрерывного образования. Дошкольное воспитание – один из важнейших этапов формирования личности, а живой диалог среди увлеченных одним делом – безусловная составляющая успеха.

Цель дошкольного образования – подготовка детей к обучению в школе, формирование здоровой, развитой, свободной личности ребенка, раскрытие его способностей, воспитание тяги к учебе, к систематическому обучению.

bannerbanner