
Полная версия:
Қарт кісінің құпиясы

Ғани Қаламгер
Қарт кісінің құпиясы
Ғани Әлихан
Болған оқиға желісімен
– Өмір бойы өкініп келемін, – деп əңгімесін бастады қырман басында жатқан қарт кісі. Сонау 1997жылы бидай басына барғандағы бейтаныс қарияның əңгімесі осылай басталды. Жас баламын, дəрет алуға құманға суын жылытып беремін, тамақ алдынан қолына су құямын, барынша сыйлап "Сіз отыра беріңіз, мен өзім шығып қарайлап келемін" деп алдына түсе бердім. Түспей қайтемін, жасы жетпіске таяп қалған қарт кісі күні бойы тұнжырап жүреді. Өз өзімен күбірлеп əңгімелесіп қойып, қабағы бір ашылмайды. Алып денелі ата кəдімгідей салмақты да зілді сөйлейді. Сөзі де өткір, көзі де өткір. Бір қарағанда сұсты көрінгенімен түс қайта тез тіл табысып кеттім. Ата енді ашылып сөйлей бастады. Ананы – мынаны айтып қалжыңдай бастады. Күн кешкіре əлгі атаның көзінен мұң кетіп, жүзіне күлкі үйіріле бастады.
Сонда ғана ашық əңгімеге көшіп:
– Балам мамандығың бар ма? – деп сұрады.
– Жоқ ата- дедім .
Онан əрі мазаламады. Заманның менің тұсымда қурап кеткенін айтып налыған болды. Бірақ осы алғау – далғау заман кетіп, жақсы өмір сүретінімізді айта келе:
– Сонда қай мамандық иесін таңдаушы едің, егер мүмкіндігің болса? – деп сұрады. Әрине, мен журналист болғым келетінін, бірақ оқуға түсе алмағанымды, ал мына кітапты үшінші қайтара оқып жатқанымды айтып қолымда жүрген "Бес ғасыр жырлайды" деген кітапты көрсеттім.
– Алаңдама балам, əлі жассың. Биыл болмаса келесі жыл түсерсің, талабың болса тауға шығасың, жетістіктерге жетесің, – деп бір қайырды.
Мен болсам енді маған оқудың керегі жоқтығын, себебі, үйленіп қойғанымды айттым. "Үйленіп қойғам" деген сөзіме жалт бұрылған қарт кісі:
– Балаң бар ма? – деп сұрады. Мен балам жоқ екенін, үйленгеніме əлі бір ай да бола қоймағанын айттым.
Əңгіме осылай өрбіді. Өрбігенде қандай сөз. Сөзге жалғасып атаның сөзін үнсіз отырып тыңдай бердім.
"Мен əскерге кеткенде 1951 жылдың көктемі еді. Ол кезде əскерде болу қазіргідей, белгіленген екі жыл емес, кемі үш жыл, тіпті бес жылдап жүріп қайтқандар болды. Мен сол кеткеннен мол кетіп, төрт жыл жүріп қайттым. Балтық жағалауындағы жаңа ашылған əскери бөлімшеде болдым. Бұл қазіргі Латвия республикасы" деп барып бір – ақ тоқтады. "Əскерге келуім сол екен, он шақты жігітті үш ай оқуға жіберді. Үш ай бойы оқытып машина жүргізетін шопырлар дайындады. Содан əскери бөлімшелерге бөлді. Мені осы Балтық теңізінің бойындағы жаңа бөлімшеге жіберді. Келген күннен ақ командирдің машинасына отырып шопыр болып шыға келдім. Содан не керек, командирім отыздан кеткен “хохол” жігіті болды.Тез тіл табысып кеттім. Қатты қол командирім болса да менімен өте жұмсақ сөйлесетін. Ол кездері командирлерге бөлімшеден продукт берілетін. Соны апарып беруге, бөлімшеге қарама – қарсы орналасқан көшенің арғы жағындағы екі қабатты үйдегі командирімнің үйіне апарып беретінмін. Бұл осылай жалғаса берді. Күніне продукты апарамын. Бертін келе тіпті бір күнде екі рет апаратын болдым. Сөйтіп жүріп командирдің келіншегімен достасып та үлгірдім. Бөлімшеден шығамын да үйіне қараймын. Көретінім сол командирімнің келіншегі болатын. Ол да мені сағына күтіп тұрғандай көрінетін. Көзқарасы да қатты өзгергені белгілі, о баста "солдат" деп мұрнын шүйіретін сары бас сылқым келіншек, енді маған "солдатик дейтін болды. Күліп қарсы алатынды шығарды. Тіпті үйге кір дейтінді шығарды.
Бойымда қаным тасып тұрған қаншама жас болсам да, командирдің босағасын аттауға батылым бармай жүрді" деп сөзін жалғастырды ата.
"Сонымен не керек осы менің күнделікті жұмысыма айналып кетті. Кейде картоп тушенька нанды түске дейін апарсам, түстен кейін ұсақ-түйек нəрселерді алып қайта баратынды шығардым. Бөлімшедегі жұмысым болса таңертең машинаны от алдырып алаңды бір айналып жүріп өту, сонан соң өз командиріме машина жүргізуді үйрету. Басқа істейтін жұмысым жоқ. Күндер осылай сырғып екі ай көзді ашып – жұмғанша өте шықты. Менің бір ойым ауылда қалған шешем мен екі бауырым да болса, ақыл есім "Татюша" дейтін командирдің əйелінде болды. Ойлап қоямын “кет əрі” емес сияқты. Сары шашты сылқым сұлу мағанда ұнайтыны жасырын емес. Өзінің менен бес – алты жасқа үлкендігі болмаса, əп – əдемі талдырмаш келген сүйкімді келіншек. Осылайша санам жан – жаққа жүгіріп, құшақтай салуға ыңғайланып барамын да, күлімдеп есік ашқанын көргенде аяқ қолымнан жан кетіп қатамын да қаламын. Қатпай қайтем, негізі дұрыс емес екенін мен де білем, ол да біледі. Капитан шенді Летченко (Лещенко болуы да мүмкін осыған ұқсас) өз командирім ғой. "Сезіп қойса, Сібір айдатса" деген үрей тағы бар. Ол заманда Сібір айдау, Итжеккен, Барса келмес деген сөздерден қатты қорқушы едік. Себебі, бұл сөздер менің шешемнің туысқандарын да айналып өтпегені бар. Ал командирдің сылқымы болса, мен барған сайын ақ халаттың түймесін шала ілдіріп шығып тіпті “солдатик “деп басымнан сипайтынды шығарды. Ол ол ма, келесі бір барғанымда қолымнан ұстап үйіне кіргізіп алып:
– Жақында стрельбаға кетесіңдер. Сендерге “Калаш“ деген жаңа мылтық келе жатыр. Бірақ сен абайла, айналаңның бəрі соғыс көргендер, қан көргендер, есі дұрыс еместер, ал сен маған керексің, – деп бетімнен шөп еткізіп сүйіп алмасы бар ма? Тұла бойым мұздап сала берді. Қорыққаным сонша тезірек кеткім келіп есікке қарай ыңғайландым да, дірілдеп, қалшылдап кеттім. Дірілдемей қайтемін, есіктің оң жағында кеудесі орден – медальға толы командирімнің портреті тұр. "Соғыс көргендер, қан көргендер ақыл есі кемістер" деген сөз есіме түсіп, онан сайын қорқып зəрем ұшып шығып қаша жөнелдім. Бөлімшеге жетіп енді бармаймын деп шештім. Ал командирім болса “Қалай, аман – сау апарып келдің ба?” – деп бір ауыз сұрағаны болмаса лəм – мим деп жағын ашпай құшақ – құшақ қағаз көтеріп анда – мұнда жүреді де қояды. Мен болсам сол күні – ақ ыңғайын тауып сөйлесіп өз командиріме барғым келмейтіндігін жеткіздім.
– Барасың ! – деп кесіп тастады. Сен сол үшін де басқа жаттығулардың бəрінен босатылғансың. Екінші рет бұл сөз талқыға салынбайды, – деді қатқылдау дауыспен. Амалсыз басымды изедім. Онан басқа шарасыз да едім.Бір қызығы себебін де сұраған жоқ. Не үшін? Неге бармайсың? – деп те сұрамады.
Осылайша ертесіне бір қағаздарды алып тағы бардым. Татюша болса əдеттегідей күлімдеп тұрып, үйге кір дегендей ишара білдірді. Үйге кірдім. Шашымнан сипай бастады. Желке тұсымды қысып – қысып жіберді де, графиннен бір стакан су құйып “Қане, солдатым, тартып жібер”деп өзі ұсынды. Көзімді жұмып тартып жібердім. Тартуын тарттым – ау, бірақ тыныс ала алмай өлуге айналдым. Арқамды қағып жатқан келіншек “уһ” деп тыныс алғанымда барып, бір – ақ тоқтады да үстімдегі ақ жəкетімді сыпырып тастады. Мойныма оралған білегімен құлақ тұсыма соғылған ыстық демі мені сол жерде – ақ еденге жықты. Есім кетіп талықсып жатсам да, бойымды билеген үрейден ойымды тез жинап алып, үстімде отырған келіншекті итеріп тастадым. Ол қайта ұмтылды. Мен болсам екі қолын мықтап ұстап алдым да тырп еткізбей қойдым. Ол енді жалына бастады “болмайды” деп кесіп айттым. Амалы біткен келіншек енді менің қолымды тістей бастады. Жылауға айналды. Кенет оң қолымнан сытылып кетті де, шапалақпен тартып жіберді. Ес жиып үлгірем дегенше үстіме қайта отырып алды. Іс бітті, мен жалма – жан киініп алдым да, қаша жөнелдім .”Солдатик мой” деп айқайлап ол қалды. Сол күні бөлімшеде ұйқысыз таң атырдым. Қара басым қазандай болды. Ауылда қалған шешемді ойладым. Екі бауыры "Халық жауы" деп, тағы екі бауыры соғыс деп кетіп қайта келмеген шешемнің “бауырымдап“ еңіреп жылап жүргендері көз алдыма келді. Бірақ менің басқа жолым болмады. Ертесіне де сол əдет екі тушенькамен жарты қара нан апардым. Тағы да сол болды. Бұл ретте мен енді батыл қимылдай бастадым. Қара күшке салып езіп жібердім. Ол болса жағы тынбай жақсы сөздің бəрін айтып балқып жатты. Жұмысым бітті тағы кеттім. Түстен кейін тағы жіберді. Тағы да осы болды. Енді бұрынғыдай емес ернін сүлікше сорып жабысып киімін шешіп тастадым. Ол мені шешіндірді. Сол күйі ішке еніп төсекке кеп құладық. Ақ тер, көк теріміз шығып жұмысымыз бітті. Енді бұл мені мақтай бастады. Мен болсам сол баяғы əдетіме басып киіне бастадым. ”Кетпейсің” деп ашу шақырды. Сонымен шарасыз күйде отырып тағы бастадым. Бұл енді ол ойлағандай болды. Үстіме шығып əрі – бері секірумен аяқталды. Осылайша екі – ай тағы өтті. Енді батылым жетіп өзім құшақтап, өзім көтеріп алатынды шығардым. Аймалап сүйісуден бастайтын дəрежеге жеттік. Бұрынғыдай қорқыныш қалмады. Емін – еркін қимылға көштік. Барынша созуға тырыс деуші еді созылғанынша создым (уақытты). Айызы қанып қалады, өзім де сезіп жүрдім. Осылай ойнап жүріп тағы да бір – екі ай өтті. Бір күні кешке қарай күндегі əдетімізге басып махаббат майданына түсіп жаттық. Жан алып, жан берісіп ессіз күйде от боп жаттық. Қызықтың көкесі сонда болды. Тарсылдатып біреу кіріп келді. Шошып кеттім де есікке ұмтылдым. Зəрем қалмады. Өлуге дайындалдым. Себебі, кителін шешіп, ілгішке іліп жатқан менің командирім еді....
Тілім күрметіліп даусым шықпай аяқ қолдан жан кетті, – деп шəйдан ұрттап қойып қария сөзін қайта жалғады. Өлген жерім осы деп үстіме ақ жəкетімді іліп шалбарымды кидім. Командирімнің аяғында етіктің тақылдап əрі – бері жүргені зəре – құтымды онан сайын қашырды. Сығалап қарап қоямын. Ауыз бөлмеде шашылып жатқан белдігіммен кителімді айналып, сенделіп жүр. Қорқыныштан көзімнен жас ытқып жатты. Кенет Татюшаға жалт бұрылып қарадым. Жын ұрғандай емін – еркін киініп иығына орамалын салып түзетіп күлімдеп тұр. Не дерімді білмеймін, сөйлейін десем, үнім шықпай тілім күрмеліп қалды. Ол болса еш алаңсыз “түшшш” деп ымдады да, орта бөлмеге шығып кетті. Түк болмағандай амандасып командиріммен «шөп» еткізіп сүйіскендерін есіттім. Басымды қос қолдап ұстап отыра кеттім. Ал Татюша болса столға тарсылдатып бірдеңелерді қойып жатты. Командирімнің табуретканы тартып столға кеп отырғанын көрмесем де естіп отырдым. Кенет Татюшам қайта кірді. Қолындағы легенмен суды қойып «жуынып ал» дегенді ыммен білдірді. Шығып бара жатып басымнан сипап:
– Алаңдамай шық, столға кел, əңгіме бар, – деп қосып қойды. Менің жуынуға əрекетім жоқ еді. Себебі, аяқ қолым өзіме бағынбай жансыз күйде едім. Шаңқ еткен командирдің даусынан селк ете қалдым. «Тездет, киін де столға кел. Мен сені күтіп отырмын» демесі барма? Сол сəт менің белдігім мен кителімді алып кірген Татюша «Қорықпа жуынып алда столға кел. Лёша сені күтіп отыр» деді. Жуынып жатырмын, ал анау екеуінің болса қайғыратын түрі жоқ, өзара əңгімені айтып болып отыр. Мен болсам жуынғанның ырымын ғана жасап, белдігімді тағып пилоткамды киіп ортаға шықтым. Жақында мұнда отыр! – деп командирім өзіне қарама – қарсы табуреткаға отыруымды бұйырды. Графиннен жүз граммды құйып тұрып өзі ұсынды. Тартып жібердім де алюминий кружканы тарс еткізіп столға қойдым. «Тағы да ішесің бе» дегендей сұқ саусағымен графинді көрсетті. «Ішпеймін» деп басымды шайқадым.
– Сонау Минск қаласынан Берлинге дейін екі жыл соғыста жүрдім, – деп командирім сөзін бастады. Барлаушы болдым. Қаншама қырғын – соғыста болдым. Құдайдың сақтағаны шығар. Барлауға кеткен бесеуден жалғыз өзім аман оралған кездерім де болды. Осылайша өлім мен өмірдің арасында жүрдім. Өлімге деген бойымның үйренгені сонша ертең өлем, бүрсікүні өлем деп өлімге дайын жүрдім. Алайда өлу түгіл жарақаттанғаным да жоқ. Ойлайтыным біреу ғана, осы менің Татюшам болды. Біз 1942-ші жылдың күзінде үйлендік. Əке-шешем болды. Содан бір жылдан соң мен соғысқа аттанып үлкен жеңіспен оралдым. Соғыстан соң осы əскери салада сапёр боп жұмысымды жалғастырдым. Белоруссия аумағын жарылғыш заттардан тазалауға қатыстым. Бір күні абайсызда танкке қарсы мина жарылып есімді Минск қаласындағы əскери госпитальда жидым. Менімен бірге болған екі сапёр жігіт көз жұмыпты. Екеуі де сен сияқты азият болатын. Естуімше соның бірі менің өміріме араша түсіпті. Мен құдай сақтап тағы да аман қалдым…
Екі ай госпитальде жатып шықтым. Құдайға аман қалдырғанына «рахмет» айтып үйге оралдым, – деп құюлы тұрған самогонды сіміре салып, командирім əңгімесін онан əрі жалғастырып кетті. Үйге келіп Танюшаммен қауышып жаттым. Кəрі шешемнің де қуанышында шек болмады. Əкемді жерлегеніме жыл боп қалғанды. Өзімде қуаныштан жарыла жаздадым. Соғыс болса бітті. Ел тыныш жұрт аман. Болашақта осы Танюшаммен тыныш қана бейбіт өмір сүре беремін деп ойладым. Алайда, мені алдымда тағдырдың тағы да бір таудай тауқыметі күтіп тұрғанын білмеппін. Танюшаммен оңаша қалып аймалап сүйе бастадым. Сағынышым кеудемді кернеп қанша сүйсем де, қауқарым қимылдауға жетпеді. О баста аса қатты қорқа қоймадым. Уколды шамадан тыс қабылдағаннан осындай жағдайлар болып тұрады дегенді естігенім бар еді, содан көрдім. Алайда, менікі мүлдем басқаша болды. Бел омыртқамда қалған мина сынығын алуға медицинаның қауқары жетпеді. Алдырсам екі аяғымды басалмай мүгедек боп қалуым мүмкіндігін алға тартты. Уақыт өте келе белсіздігім байқалып өз болмысыма анық көзім жетті. Қайғыдан қан жұтып ұйқысыз таңдар атырдым. Танюшамды құшақтап алып түнімен өксіп жылап шығатынды шығардым. Өмір сүруге деген қызығушылықтан қалдым. Жасаудың мəні жоқ деп шештім. Сол мина жарылғанда «неге аман қалдым» екен деп налып атылып өле салғым келді. Бірақ… Бірақ, мені Танюшамның бір ауыз сөзі тоқтатты. «Сен өлсең, мен де өлемін, сен менікісің, мен сенікімін, сені тастап ешқайда кетпеймін, мен үшін өмір сүрші» деп жылады. Содан жайлап бəріне де бойым үйрене бастадым. Жұмысқа шығып өмірге қайта араласа бастадым. Мен тым болмаса Танюшам үшін өмір сүруім керек деген тоқтамға келдім.
Ал енді ең бастысы сен менің Танюшама ұнадың. Сол үшін де сені оқу жаттығулардан азат еттім. Сенің басқалармен тіл табысқаныңның, сөйлескеніңнің қажеті жоқ. Сен азиатсың, оның ішінде қазақсың. Сен жайлы барлық ақпарды жинадым. Қазақ ұлты жайлы оқыдым. Жылқы тектес жаугер, батыр халық. Соғыста да азиат қазақтармен бірге болдым, сатпайтын да, сатылмайтын да халық. Сол үшін де Танюшамды саған тапсыруды жөн көрдім. Енді сен менің отбасымның бір бөлшегісің. Саған сенгенім болсын осы əңгіме осы жерде қалатын болсын. Қанекей бер қолыңды, көтер басыңды, сен енді менің бауырымсың, азиат ! – деп қолын ұсынды. Басымды жұлып алдым да көзіне тік қарадым. Сонда ғана командирімнің көзінен тамшылап, үзіліп тұрған жасты көрдім. Жүрегім езіліп кетті. Басымды изей бердім. Ол болса соңғы кружканы құйып көтеріп салды да, Танюшаға киімдерімді əкел дегендей ишара білдірді. Орнынан тұрып киіне бастады. Белдігін байлап жатып соңғы сөзін тағы қайталады. Азиат, Танюшамды саған тапсырдым. Осы əңгіме осы есіктен шықпасын. Ал енді мен кеттім. Сен осында түнеп шық. Таңертең стройда бол деп сарт еткізіп жерді теуіп честь берді де, шығып кетті. Соңынан жүгіріп Танюша кетті. Мұңға батып мен қалдым. Ойға шомып ауылда қалған шешем мен екі бауырымды ойладым. Соңы не болатынын байқай алмай, аңтарылып біраз отырдым. Тек командирімді шығарып салып келіп, еркелеп мойныма жабысып тіземе отыра кеткен Танюшам ойымды бөліп жіберді. Шошып кеттім. Өзімнен өзім жиіркене бастадым. Бұлай жалғаса беруі мүмкін еместігін айттым. Басымды ала қаштым. Танюшамды итеріп тастап шығып қаша жөнелдім. Жылағанына да қарамадым. Айқайын да тыңдамадым. Бөлімшеге барып жаттым да, ойға кеттім. Ұйықтай алмадым. Құрғыр мен болмасам басқа біреуді табатынына күмəнім болмады. Танюшадай сұлуға кез келген еркек құмар екенін ойладым . Ойладым да ішімді «қызғаныш» атты қызыл ит тырнап қайта келдім. Енді бұрынғыдай аяқты жəй басып ұрланып емес, байы сияқты тарсылдатып тұрып есікті теуіп келдім.
– Келетініңді білгенмін, – деп мойныма асыла кетті. Көтеріп алған күйі ішкі бөлмедегі төсекке тартып ұрдым. Бұл рет батыл қимылға көштім. Көңілімде «байы кеп қала ма» деген қорқыныш болмады. Баяу қимылдап ерікті Танюшаға бердім. Асықпадым. Ыңғайына бейімделіп бөксесін қысып қос анарын аймалап сүйіп жата бердім. Оңды – солды баяу ырғақпен бірде ернімді сүлікше сорып, бірде көкірегіме шашын жайып салып, бірде мойнымды тістеп, бірде шашымнан ұстап тартып Танюшам көгін алып шыңғыра құлап, сұлық түсті. Осы сəттен бастап мен командирімнің отбасының ажырамас бөлшегіне айналдым…
Бұл кезде менің жаңа бөлімшеге барғаныма алты ай болған еді. Үйден кеткеніме жылға жақындап қалған кез. Ауылдағы шешемнен алғаш рет хат келді. «Амансың ба құлыным?» деп басталған хат «көріскенше күн жақсы балам» деп аяқталыпты. Шешемнің сауат ашпағанын білем ғой, бұл хатты бауырларымның бірі анамның айтуымен жазғанын ішім сезіп тұрды. Тек хат арасында: «Балам, сұрапыл соғыс біраз азаматтарымызды алып кетті ғой, байсыз қалған қатындардың қасында қалып кетпеші, ұзын шұбақ келеңсіз түстер көрдім» деп жазыпты. Көзіме жас үйіріліп кетті. Ауылға деген сағынышымды баса алмай өксіп жылап жібердім. Көңілім құлазығанда, сырымды айтып мауқымды басатыным сол Татюшам болатын. Соған қарай тұра жүгірдім. Бұл кезде екеуміздің арамыз жақындай түскеніне алты айдың жүзі болып қалғанды. Татюшам болса, күннен – күнге құлпырып толықсып көрікті боп көріне берді. Менде болса «ол тек қана менікі» деген ой пайда болып, қызғанатынды шығардым. Қызғанышым сонша тіпті оны өз байы өзімнің командирімнен де қызғанатынды шығардым. Кейде командиріммен терезем тең дəрежеде сөйлесетін болдым. Татюшаға кəдімгі қазақы менталитетіме басып бұйыра сөйлеп, дауысымды көтеріп, тіпті жекіп тастайтын болдым. Иттен де, биттен де қызғана бердім. Бөлімшеден өз еркіммен шығып кез – келген уақытта кіріп келетінді шығардым. Командирім бөлім кезекшесі болған түні, күнімен – түнімен қасында жатып қалатынды шығардым. Қатты өзгердім, өзгергенде де өзімді – өзім танымайтындай дəрежеде өзгердім. Ал Татюшам болса менің көңіл – күйіме қарап, еркелейтін болды, кейде итеріп жіберетінмін. Тау халқы дегенге қатты қорықса керек, кейде екі көзі жəудіреп, айтқысы келгенін айтуға бата алмай тұрғанын сезетінмін. Осылай күндер өтіп жатты.
Бір күні күнделікті əдетіме басып тал түсте жетіп келдім. Қарасам, сым көтерген екі солдат Татюшамның үйіне емін – еркін кіріп – шығып жүр. Қаным басыма шауып, ақырып ішке кірдім. «Не боп қалды?» деп алдымнан күлімдей шыққан Татюшаны шапалақпен бір ұрып мұрттай ұшырдым. Əлгі екі солдат болса тұра қашты. Арадан бес минут өтпей командирім жетіп келді. Даудың қызғаныштан басталғанын біліп тергеу бастады.
– Не болды? – деп Татюшадан сұрады, үн жоқ, менен сұрады, үн жоқ. Еркектің аты еркек қой, қысқа да нұсқа ғып тұрып Татюшаға сөйледі. Саған соңғы рет ескертуім болсын, мына азиаттан басқаға көз салушы болма! – деді де, жөніне кетті. Ал əлгі екеуі болса командирімнің үйіне байланыс телефонын орнатуға келген солдаттар екен. Əбиүір болғанда біздің бөлімшеден емес, басқа бөлімшеден болып, бұл жолы аман қалдым. Осылайша зулап күндер өтіп жатты. Орыстың көзі көк, сары шаш сылқымын құшағыма басып мен жүре бердім. Сөйтіп жүргенде 1952-ші жылдың жазы келді.
Бір күні командирдің «тез жет!» дегеніне үйге асықтым. Жетіп келген мені күліп тұрып екеуі бірдей қарсы алғанына таң қалдым. Стол басына барын қойыпты. Графин толған самогоны тағы бар. Командирім маған самогон кружканы ұсынып тұрып :
– Ал қанекей азиат! Мені құттықтап жібер де, жүз граммды тартып сал, менің Татюшам екіқабат, – демесі бар ма. Аузыма сөз түспей қалды. «Менікі несі?» деп тағы таң қалдым. Ішімді ашу кернеп қызғаныштан жарылуға шақ қалдым. Сенікі емес, менікі деп айтқым келді. Бірақ, сол сəт батылым жетпеді. Үнсіз тұрдым да, кружкадағы самогонды тартып жібердім. Менен тост күткен командирім таң қалғанын байқадым. Мен болсам орнымнан қайта тұрдым да:
– Бала менікі! – деп кесіп айттым. Оған ешкімнің күмəні болмауы керек, – деп тағы қосып қойдым. Сөзге Танюша араласа бастады.
– Сен жап аузыңды! – деп оған ақырдым. Менің мінезімді білетін Танюшамның сол мезетте үні өшті. Ал командирім болса, столға сұлық түсіп отыра кетті. Командирімнің көзінен көзімді алмаған күйі мен де отыра кеттім. Мұны түсінген Танюша күйеуінің басын сипап, жақсы сөздің бəрін айтып жұбата бастады. Оны көріп менің ашуым басқа шапты, екі көзім қанталап кетті. Қызғанышым кеңірдегіме тіреліп орнымнан тұрдым да шығып жүре бердім.....
Сол кеткеннен мол кетіп апта бармай жүрдім. Көңілім құлазып тамаққа тəбетім болмай, өзіммен өзім сенделіп жүрдім де қойдым. Жапанда жалғыз қалған жетімнің күйін кештім. Сол бір апта маған бір жылдай көрінді. Ойлап отырып ұшып тұрдым да жүгіре жөнелдім. Ағаш баспалдақты тасырлатып шықтым да есікті ұра бастадым. Ішкі жақтан жүгіріп келе жатқан Татюшамның аяқ сыбысын естідім. Есікті ашып ішке тартып алды да, мойныма асыла кетті. Сағынып қалыппын, құшағымнан босатқым келмеді. Бұл күні Татюшам толықсып өте сұлуланып кеткен еді. Қиыла күлімдеп қараған көздерін айтсайшы. Көк көз, сары шашты, ұзын бойлы осы келіншекке қараған үстіне қарай бергім келді. Командир шақырып жатыр дегенге жетіп келдім де, бұрынғы əдетіме басып есік қақпай кіріп бардым. «Солдат шық!» деп саңқ ете қалды. Есіктен шығып отыра кеттім. Ойым жан – жаққа кетіп, мазам қаша бастады. Менің командирімнің шені майор, ал анау отырған еңгезердей орыс полковник əрі киімдері де басқаша. Жан алғыш жендетке ұқсайды. Осы командирімді құртса екен деп таяз ойға баттым. Алайда командирім кетсе, өзімнің ешкімге қажетсіз боп қалатынымды білмеген едім. Осылай өз ойыммен өзім арпалысып отырғанда есік ашылып, полковник шықты соңынан командирім ілесе шықты. Екеуі төмен қарай түсе бастады. Кенет əлгі полковник тоқтап маған қарай мойын бұрып тесіле қарады. Не деген көзі өткір еді! Басымды төмен түсіріп, қаттым да қалдым. Тыныштықты командирім бұзды:
– Машинаны от алдыр да алып кел, біз жол жүреміз, Татюшаны госпитальға алып кетті. Мен сонда барып келемін, – деді. Машинамды əкеп, кілтін ұстата салдым. Алаңдама, бəрі жақсы, толғағы ұстап сонда кетті, аман – сау келген соң, екеуміз жеке сөйлесеміз, – деп жүріп кетті де, бізден жүз метрдей əрі де тұрған полковниктің жанына барып тоқтады. Қуанышым қойныма сыймай мен қала бердім. Осылайша өз ойыммен өзім арпалысып тұрып бір қарасам машинам көзден ұзап бара жатты. Күн санап жүрдім. Тоғыз күн дегенде Татюшам торсықтай ұлмен оралыпты. Бірақ командирім: саған баруға болмайды жанында осы бөлімшедегі фельдшер қыз бар, сол қыз кеткенше жолама деп қатаң ескертті. Мұны естіп мен сорлыны тағы да ой басты. «Маған көрсеткісі келмейді, əдейі жасап отыр, бұлар менен қашқалы жүр» деген арам ойлар миыма ұялап алды. Бала менікі басқасында шаруам жоқ қалай болғанда да мен баруым керек деп талай оқталдым. Бірақ батылым жетпеді. Оның үстіне бөлімшедегі фельдшер қыз да көрінбейді. Мүмкін рас болар сонда шығар деп ойладым. Осылайша тағы апта өтті.
Бұл 1952-ші жылдың желтоқсаны болатын. Командирдің шақыртуымен қайта келдім. Мен кіргеннен «Бауыржан деген кім, білесің бе?» деп сұрады. «Білмеймін» деп жауап бердім де, «Ол кім?» деп өзінен қайта сұрадым. «Ол əскери адам, ол батыр, ол азиат, ол да сен сияқты қазақ» деп жауап берді. Сол кезде мен Бауыржан Момышұлы дегенді мүлдем танымаушы едім. Тіпті естіп те көрмеген едім. «Сонымен, баланың аты кім болмақ?» деп қайта сұрады. Аузыма түскені Бауыржан боп, «Бауыржан болсын» деп айта салдым. «Жарайды, сен үшін Бауыржан болсын. Ал, мына мен үшін Алексей болат. Демек, Лёша» деді.
– Ол қалай, – деп таң қалып, – сіз өзіңіз Алексей емессіз бе? – деп сұрадым.
– Менің айтқаным талқыға салынбайды солдат, түсіндің ба мені, сен үшін Бауыржан, мен үшін Алексей бітті! – деп бір қайырды.
– Ертең фельдшер кетеді. Содан осындағы үш – төрт қызметтесім барады, сонан соң Татюшаның жағдайына қараймын. Бəрі жақсы болса ғана сен барасың. Оған дейін аяқ басушы болма. Ал, енді боссың, – деді.
Сол күндердегі кешкен азабым əлі көз алдымда тұр. Осылайша өз баламды өзім көруге зарығып тағы да біраз жүрдім. Тіпті, жаңа жыл кіріп, басқалар тойлап жатты. Мен болсам, өз баламды бір көруге зар болып, жапанда жалғыз қалғандай жылап жүрдім…
Ұнжырғам түсіп, көңілсіз жүргеніме бір айдың жүзі боп қалғанда «Командир шақырып жатыр» деген хабар алып тұра жүгірдім. Столдың үстінде тұрған вещмешокты көріп қуанышым қойныма сыймай кетті.
– Мынаны ал да үйге апар, əрі Бауырджанчикті көріп қайтарсың. Мен бара алмаймын, бүгін бөлімшеде кезекшімін – деді. Жүрегім аузыма тығылып, вещмешогымды арқалап ұша жөнелдім. Əдеттегідей күлімсіреп қарсы алған Татюшамның бетінен шөп еткізім бір сүйдім де, құндақтаулы жатқан баламның бетіне үңілдім. Туылғанына бір ай болған бел балам болса томпиып ұйқыны сойып əлемнен бейхабар жатыр. Жалма – жан құндақтан шеше бастадым. Астапыралла! Қап – қара қалың шаш, қалың қас, аузымнан түскендей, өзімнен аумай қалыпты. Қолға алғанға аяқ – қолы тырбаңдап, тілін шығарып, жұтқыншақтап барып əрең дегенде көзін ашты. Көзі көк, аққұба келген осы бала, менің балам еді.
Осылайша ойда жоқта əке атандым. Балам болса күн сайын түрлі қылық шығарып сүйсіндіріп өсе берді.
Бір күні командирім шақырып алып « Азиат, мұнда өсек аяң басталды. Енді сен көп баруыңды доғар. Барсаң да менімен бірге барасың, бірге келесің. Болмаса іс насырға шабуы мүмкін» деп ескертті. Көнбеске амалым қалмады. Бала бел бойынша менікі, құжат бойынша онікі боп шарасыз күй кештім. Қызық осыдан соң басталды. Бірге барамыз, бір бала бір қатын, екі әке. Баланы ол ұстаса мен, мен ұстасам, ол қызғанатынды шығардық. Көзі көк сары бас сылқым жайына қалып, аңдығанымыз бір бала болды. Мен «Баука» деп еркелетсем командирім «Лёшка» дейтінді шығарды. Дегенмен менің үстемдігім сонда, апта да бір – екі кейде үш түн Татюшаның құшағында түнеп шығатынмын. Бұл əрине командирім бөлімшеде кезекші болуына байланысты болды. Осылайша қызықты күндер өтіп көктем келді. Бір күні Мəскеуден суық хабар тарап, қызыл байрақ құлап, орыс біткенге аза тұттырып, Сталин дүниеден озды. Қайғырған қара халықты көрмесем де, бөлімшемдегі əскерилердің дерлік бəрі де көңілсіз жүрді. Бұл қаза тіпті менің Татюшама да ауыр тиіп, еңсесі түсіп есеңгіреп жүрді. Командирім де бұрынғыдай жүзі жарқын сұлу жігіт емес, солғын тартқан белін бүккіштеп еңкейе түскен. Бел омыртқаға қадалған темір сынығы шіріп, гангренаға айналған кезі еді. Арадан бір ай өтер – өтпес командирім соғысқа қайта аттанып, мен қала бердім. (Соғыс болғанда соғыс емес, Латвия аумағында КСРО-ға қарсы партизандық топтар болған).