
Полная версия:
Armanga bastar asular
1976 жылы аяқтап, өзінің еңбек жолын химия пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Білімді, білікті маман ретінде ерекше бағаланған ұстазымыз Орал педагогикалық университетінің химия кафедрасында оқытушысы және ғылыми қызметкер болып бірнеше жылдар бойы адал еңбек еткен. 1988 жылы химиядан кандидаттық диссертациясын қорғады.Осы мектепте 2016 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Өз мамандығының үздігі, мықты педагог ретінде сабақтарын жоғары деңгейде өткізеді. Оқушыларды сабақ барысында шығармашылыққа баулытады, эксперименттер арқылы химияға қызықтырып, оқушылар арасында сенімді қарым-қатынас және серіктестік атмосферасын жасайды. Бұл іс-әрекеттер тек қана жаңашыл, жаңа форматтағы педагогтарға тән, яғни Айгүл Жұмашқызы қазіргі заман талабына сай, қоғамның қарқынды дамуына ілесе алатын, ғылыми-әдістемелік білімі жеткілікті, құзыреттілік қабілеттері жоғары деңгейдегі маман. Айгүл Жұмашқызы соңғы бес жыл ішінде химия пәнінен олимпиадалар мен ғылыми жобалар сайысының 34-жеңімпазын шығарды. Ғылыми және шығармашылық жұмыстың арқасында 41 ғылыми-педагогикалық жұмыстары жарыққа шыққан, Қазақстан Республикасының жалпыға орта білім беру мемлекеттік стандарты бойынша мектеп оқушыларына арналған химия оқулығының , сонымен қатар «Адам және қоршаған орта», «Зертхана химигі»,
«Химия. Оқуға арналған кітап» тағы сол сияқты басқа да құнды еңбектердің авторы. 2016-2018 жылдар аралығында Қазақ радиосының «Үй жұмысы» атты проекті бойынша серіктес. Республикамыз бойынша білікті ұстаздарды жариялайтын «Алтын фонд» жинағында тіркелген. Айгүл Жұмашқызын «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Осындай ұстаздардың аянбай еткен еңбектерінің нәтижесінде биылғы оқу жылының да бастамасы жаман емес.
Білім беру-тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге деген көзқарасын жетілдіру процесі. Қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты – адамның адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылады. Тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі – білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы. Білім беру жүйесінің басты міндеттері – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады. Осы мақсатта біздің Республикалық физика-математикалық мектептің жасап жатқан әрбір бастамалары игілікке толы дүниеге ұласып келеді. Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызықтыру үшін Алматы мен Нұр-Сұлтан мектептерінде барлық пәндер бойынша олимпиадалық резерв мектептері жұмыс істейді. Ай сайын мектептердің қабырғасында резервке іріктеу жүргізіледі, сондықтан пәндік олимпиадада бағын сынағысы келетіндердің барлығы іріктеуге қатыса алады. Оқушыларды дайындауға мамандар шақырылады. Олар көбінесе РФММ түлектері және халықаралық олимпиадалардың бұрынғы жеңімпаздары. Оқытушылар мен студенттердің үйлесімді жұмысының арқасында РФММ жыл сайын республика мектептерінің арасында жетекші орын алады.
РФММ -ның Қазақстан Республикасының аумағында да, шетелде де университеттер ішінде негізгі серіктестері бар. Мәселен, Мәскеу Мемлекеттік университеті сияқты оқу орындарымен байланыс орнатқанын атап өтуге болады. Олармен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды, соған сәйкес олар түрлі семинарлар өткізуге, зертханаларымен қамтамасыз етуге, сонымен қатар біздің түлектерді өз оқу орындарына шақыруға көмектеседі. Олимпиадалардан басқа мектеп жыл сайын ғылыми жобаларда жоғары орындарды иеленеді. Серіктестеріміздің арқасында студенттеріміз академиялық кеңесшілермен жұмыс жасап, нәтижесінде тамаша зерттеу идеялары пайда болады. Ал студенттер, сәйкесінше, ішкі және халықаралық аренада өте нәтижелі көрсеткіштерге жетіп келеді. Ғылыми жобалардың халықаралық байқауларының ішінде Intel ISEF және Колмогоров оқуларын ерекше атап өтуге болады. 30 қазан – 6 қараша аралығында күзгі каникул кезінде «РФММ» мен «Физмат академиясы» жеке мекемесі бірлесіп Алматы қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізді. Оқу-жаттығу жиынының мақсаты балаларды жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша олимпиадаларға дайындау болды. Оқытушы ретінде Ресей мен Қазақстаннан тәжірибелі тренерлер шақырылды. 7-11 сынып оқушылары қатысты. Тренинг бағдарламасы балаларға арналған білім беру және мәдени-сауықтыру шараларын қамтыды. 2-4 қарашада Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы РФММ базасында физика, математика, информатика пәндері бойынша қалалық Жәутіков олимпиадасының финалы өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар математикадан жүлделі орындарға ие болды: Бекен Әділ, 9 сынып. – 1 орын, Құралов Ади 7 сынып. – 1 орын, Аллажар Жансая 9 сынып. – 2 орын, Шильникова Карина 9 сынып – 3 орын, Марат Ленар 7 сынып. – 3 орын. 5 қарашада Алматы қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Нұр-Сұлтан базасында РФММ филиалының базасында 7-11 сынып оқушылары арасында геометрия пәнінен Иран олимпиадасы өтті. Ең алғаш рет ирандық геометрия олимпиадасы 2014 жылы өткен болатын. Олимпиада тапсырмалары олимпиадаға бір апта қалғанда қатысушы елдерге жіберіледі және әр ел оған қашықтықтан қатысады. Бірінші олимпиадаға 10-шақты ғана мемлекет қатысса, ал жетінші өткен олимпиадада олардың саны 40-тан асты. РФММ оқушыларына Нұр-Сұлтан қаласынан да, Алматы қаласынан да қатыстысуға мүмкіндік жасалды. 8-13 қарашада Ферғана қаласында (Өзбекстан) физикадан бірінші Әл-Ферғани атындағы халықаралық олимпиада өтті. Олимпиадаға қатысуға 2021 жылғы Халықаралық физика олимпиадасының (IPhO) рейтингінде жетекші орындарды иеленген алыс және жақын шетел мемлекеттері шақырылды. Олимпиадаға 18 елден, соның ішінде Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Румыния және т.б. 130-ға жуық мектеп оқушылары қатысты. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына Нұр-Сұлтан қаласындағы РФММ -ның, 11-сыныптың екі оқушысы Даниил Шатохин және Асқар Касимов қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Шатохин Даниэль күміс, Касимов Асқар қола медальға ие болды. 11 қарашада тіл білімі бойынша олимпиаданың екінші (облыстық) туры өтті. Облыстық турға мектептен 6 оқушы қатысты. Мұғалімдердің жұмыстарын тексеру қорытындысы бойынша республикалық турға қатысатын тіл білімі бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі жасақталды. Төмендегі аймақтық кезеңдегі үздік үштіктің есімдері көрсетілген. 1 Пересыпкина Дария 11 РФММ Нұр-Сұлтан қаласы 2 Масимова Надира 10 РФММ Нұр-Сұлтан қаласы 3 Никулин Данил 10 РФММ Алматы қаласы 14 қарашада РФММ базасында, Нұр-Сұлтан қаласында физика пәнінен Ашық Бүкіл Сібір олимпиадасының 1-кезеңі өтті. Бұл олимпиадаға қатысу шетелдік студенттерге Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарына мерзімінен бұрын түсу мүмкіндігін ұсынады, сонымен қатар жақсы дайындық және қазіргі уақытта өз білімдерін тексеру алаңы болып табылады. Олимпиада барысында барлық санитарлық нормалар сақталды. Жұмыстар тексеру үшін ұйымдастыру комитетіне жіберілді. Осы нәтижелер бойынша олимпиаданың Орталық ұйымдастыру комитеті финалдық кезеңге қатысушылардың тізімін жасайды. 14 қарашада жалпы білім беретін мектеп оқушыларының информатикадан XIII Еуразиялық олимпиадасының Интернет желісі бойынша іріктеу кезеңі өтті. Олимпиадаға мектептен 9 команда қатысты. Команда 3 оқушыдан және 1 жетекшіден тұрады. Соңғы тур желтоқсан айында Алматыда өтеді. 15-18 қарашада Қарағанды қаласында академик Е.А. Бөкетов жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша XIV Президенттік олимпиаданың үшінші (республикалық) кезеңі өтті. Мектептен 11-ші сынып оқушылары Сахипова Зарина мен Сергей Цой қатысты.
Тазалық – денсаулық негізі,
Денсаулық – байлық негізі.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.
Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
Бүгінгі таңда әлем жұртшылығы күресіп келе жатқан, қатерлі дерт әлі де айылын жиа қоймаған кезеңде, әсіресе балалардың денсаулығына басты назар аудару тек қана ата-аналардың емес, ұстаздар қауымының да үлкен уайымына айналды. Біздің мектептің ұстаздары мен медицина қызметкерлері әрдайым оқушылардың жағдайын бақылауда ұстап, барынша санитарлық тазалықты сақтап жүрулеріне аса мән береді. Сонымен қатар, мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап дене қызуын өлшеп, жағдайларын сұрап қарсы алу қалыпты үрдіске айналған. Ал, өз кезегінде мектеп кураторлары, балалардың мектепке келуге деген ынта-жігерін арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Қазіргі уақытта оқушылардың басым бөлігі қашықтықтан оқу барысында қимыл-қозғалыстары бәсеңдеп қалғанын байқап, қалайда балалардың денсаулығы мен сабақ оқуға деген қызығушылығын ояту үшін, таңертең әртүрлі әуенге қосылып қимыл-қозғалыстарын жасатуға барын салады. Бұл идеяны ойлап, жүзеге асырып жүрген 5 «А» сыныбының жетекшісі Аслан Мұратұлы. Аслан әрдайым балалар қызығатын видеоларды дайындап келіп, мектепке келген оқушыларды әдемі әуенмен қарсы алады. Мектепке кірген сәттен көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған жанның еңбегінің нәтижесінде, балалар да күні бойы қуаттанып білім алуға деген жігерлерінің артатыны айдан анық! Осындай қиын кезеңде, балаларға шын жанашыр жандардың мектеп қабырғасынан табылғаны қандай керемет! Кейде, ата-аналардың өзі қызығып қарап тұрады. Ата-ана, ұстаз және оқушының ойы бір нүктеге түйіскен сәтте ғана еңбектің жемісін көрер сәт те алыс емес!
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Қайырымдылық жасауға мемлекет тарапынан да көп көңіл бөлініп отыр. Жақсылық жасайтын жандар әрқашан және әркезде табылады. Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі де жақсылық жасаудан еш аянған емес. Қазіргі кезде әрбір адам жылы сөзге, мейірімге мұқтаж, өзгелердің көмегіне зәру. Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» – деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді. Игілікті істің бастамасы ретінде жыл сайын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алия Юсупбекованың жетекшілігімен мектепте жәрмеңке ұйымдастырылып тұрады. Жәрмеңкеден жиналған қаражат қаладағы мұқтаж жандарға көмек беруге жұмсалады. Жыл сайын жаңа жыл қарсаңында жағдайы төмен отбасының балаларына қыстық киім-кешек, азық-түлік тағы да тұрмысқа қажетті заттарды апарып, барынша қуантуға тырысып келеді.
Биыл да, жылдағы дәстүр жалғасын тауып мектепте жәрмеңке ұйымдастырылуда.
Сөз соңында, елу жыл мен бес жылдық тарихы бар, атасы мен немересінің ғұмыр жасының ұзақ болуына шын жүректен тілектеспін! «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар»,– деп қазақ айтып кеткендей әрдайым аға буыннан үлгі алып, өркендей береріміз сөзсіз. Бес жыл уақыт кеңістігінде аз ғана болып көрінуі мүмкін. Алайда, бес жылдық тарихқа көз жүгіртсек жеткен жетістіктеріміз көңілге қуаныш ұялатады.
Мен де, осы шаңырақтың бір мүшесі ретінде «Алтын ұя мектебіміздің» ары қарай жандануына барынша өз үлесімді қосқым келеді.
Мектеп ұжымы мен оқушыларымыздың әрдайым діттеген мақсаттарына жетіп, биік шыңдарды бағындыруына тілектеспін!